24.05.2017, 15:45 4039

Қызылорда облысында қауіпті инфекцияларға қатысты эпизоотиялық жағдай тұрақты - ветеринариялық бақылау басқармасыныӊ басшысы

-Осыдан 2 ай бұрын Халықаралық Эпизоотиялық Бюроныӊ комиссиясы еліміздіӊ бес облысына вакцина қолданбайтын аусылдан таза аймақ статусын беру мәселесіне қатысты инспекция жүргізді. Бұл мәселе осы айдыӊ соӊында Парижде өтетін ХЭБ отырысында шешіледі,- деді облыстыӊ бас ветеринары.

Қызылорда. 24 мамыр. Kazakhstan Today - Өӊірлік коммуникациялар қызметінде кеше Қызылорда облыстық ветеринариялық бақылау басқармасыныӊ басшысы Ерсұлтан Ипетов БАҚ өкілдеріне облыста Конго-Қырым геморрагиялық қызбасыныӊ алдын алу мен бұралқы ит-мысықтарды аулау бағытындағы шаралардан хабардар етті. Басқарма басшысы мен журналистер арасындағы әӊгімеде өӊірдегі эпизоотиялық жағдайдыӊ барысы да айтылды.

Мал арасында түрлі аурулар жиі-жиі белеӊ алып тұратын Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен шектесетін еліміздіӊ 5 облысы Кедендік одақтыӊ буферлік аймағына кіреді. Олардыӊ ішінде біздіӊ де аймақ бар. Жыл басынан бері облыста 2452,6 мыӊ бас мал вакциналанды.

-Қазір өӊірде қауіпті инфекцияларға қатысты эпизоотиялық жағдай тұрақты. Ұдайы жүргізіліп келе жатқан алдын-алу шараларыныӊ арқасында аймақта аусыл ауруы тіркелген жоқ. Жалпы, алдын-ала жасалған кестеге орай 15 түрлі инфекциялық ауруға қарсы шаралар жасалды, - деді Е.Ипетов.

Басқарма басшысыныӊ сөзінше аусылға қатысты буферлік аймақтан шығу үшін 239 мыӊ бас сиыр, 438 мыӊ ұсақ мал вакциналанды. Облыс аумағынан шығатын, сондай-ақ келетін түлік түрлері үнемі бақылауда тұр.

-Осыдан 2 ай бұрын Халықаралық Эпизоотиялық Бюроныӊ комиссиясы еліміздіӊ бес облысына вакцина қолданбайтын аусылдан таза аймақ статусын беру мәселесіне қатысты инспекция жүргізді. Бұл мәселе осы айдыӊ соӊында Парижде өтетін ХЭБ отырысында шешіледі,- деді облыстыӊ бас ветеринары.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны