24.09.2018, 22:53 5091

Қызылорда облысында "Қазақ әліпбиініӊ латын тіліне көшуі" тақырыбы талқыланды

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар рухани жаӊғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшудіӊ маӊызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманыӊ тиімділігі туралы ұсыныстар да кеӊ насихатталуда.

Қызылорда. 24 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ "ҮЕҰ мен қоғамдастықты қатыстыра отырып қоғамдық кеӊестермен жүргізілетін қоғамдық бақылауды дамыту" жобасы аясында И.Ибдікәрімов атындағы агротехникалық жоғарғы колледжінде залында Қоғамдық кеӊес мүшелерімен "Қазақ әліпбиініӊ латын тіліне көшуі" тақырыбында "дөнгелек үстел" өткізілді.

Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар рухани жаӊғыру" мақаласында латын әліпбиіне көшудіӊ маӊызы туралы нақты, әрі ерекше көрсетілген. Осыған байланысты жер-жерде осы тақырып жөнінде қызу талқылау болып жатыр. Бұл бастаманыӊ тиімділігі туралы ұсыныстар да кеӊ насихатталуда.

Жиынға қатысушылар Қоғамдық кеӊес мүшелері, ҮЕҰ жетекшілері, қала тұрғындары, белсенді жастар және БАҚ өкілдері қатысты және Қызылорда облысыныӊ тілдерді оқыту орталығы КММ-н директоры Нұрсәуле Мусаева, "Сыр дидары" газетініӊ бас редакторы Сәкен Алдашбаев келіп өздерініӊ баяндамаларын акеліп еркін ойларын білдіріп кетті.

Колледж ұстаздары және жастар ҮЕҰ мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, латын әліпбиі қолдануға жәӊіл екендігін, Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласын қолдайтындарын атап өтті. Іс-шара барысында педагогтар латын графикасы негізінде қазақ әліпбиініӊ табиғи таза қалпын сақтауға мүмкіндік беретін қажеттіліктер туралы өз пікірлерін ортаға салды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны