16.03.2017, 17:34 5268

Қызылорда облысында "Қазақстан-2050" Демократиялық күштері аймақтық коалициясыныӊ кезектен тыс отырысы өтті

Қызылорда облысында "Қазақстан-2050" Демократиялық күштері аймақтық коалициясыныӊ кезектен тыс отырысы өтті

Қызылорда. 16 наурыз. Kazakhstan Today - "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалыныӊ ұйымдастырумен Достық үйінде "Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясыныӊ кезектен тыс отырысы өтті.

Отырысқа коалиция мүшелігіндегі партиялар жетекшілері мен белсенділері, ҮЕҰ және ҚХА өкілдері, белсенді жастар мен БАҚ өкілдері қатысып, еліміздіӊ жаӊа Конституциясына қатысты бірлескен мәлімдемесін жасады. Сондай-ақ оныӊ саяси және тарихи маӊыздылығын атап өтті.

Кеӊес отырысын ашқан "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ибадулла Құттықожаев ширек ғасырдыӊ ішінде елімізді әлемдік деӊгейде танытып, бірлігі бекем, экономикасы қуатты мемлекетке айналдырған Елбасыныӊ ерен еӊбегін тілге тиек етті.

- Елбасымыздыӊ Үшінші жаӊғыру мен "Қазақстан-2050" даму стратегиясы аясында алдымызға қойған міндеттердіӊ ауқымдылығы ескеріліп, жаӊа кезеӊде де бірлік пен тұрақтылық секілді негізгі құндылықтардыӊ маӊызы арта беретін болады. Сондықтан жаӊадан қабылданған Ата Заӊды бүкілхалықтық келісімніӊ Конституциясы деп атауға толық негіз бар,- деді Ибадулла Құттықожаев.

Кеӊес отырысында коалиция мүшелігіндегі барлық партия өкілдері ойларын ортаға салып, үкіметтік емес ұйымдар пікірлері тыӊдалды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны