07.06.2017, 16:07 3440

Қызылорда облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында әлеуметтік бейімделген бірқатар нысандарға бақылау жасалды

- Соӊғы 5 жылда облыста 837 нысан мүгедектерге қолайлы етіп бейімделген. Алайда олардыӊ жәй-күйі рейдттік тексерістер барысында анықталып жатыр. "Нұр Отан" партиясы филиалдары жанынан құрылған қоғамдық бақылау комиссиялары атылмыш нысандардыӊ 300 бірлігін ағымдағы жылы тексеруді жоспарлады. Нақты кезеӊде оныӊ 114-і қадағалаудан өтті, - дейді облыстық партия филиалы саяси жұмыстар бөлімініӊ меӊгерушісі Алтынбек Жарылқасынов.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Елбасы Н.И.Назарбаев мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ қоғам өміріне белсенді араласуына жағдай жасап, олардыӊ құқықтарыныӊ қорғалуы төӊірегінде заӊнаманыӊ сақталуын барлық құзырлы органдарға міндеттеген болатын. Осы тұрғыда "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы мүмкіндігі шектеулі азаматтардыӊ өмір сапасын арттыруға бағытталған "Кедергісіз келешек" жобасы аясында әлеуметтік бейімделген бірқатар нысандарға бақылау жасады. Бұл туралы партияныӊ ресми сайтында жарияланды.

Бақылаудыӊ мақсаты - ғимараттыӊ әлеуметтік инфрақұрылымына қоғамдық-партиялық мониторинг жүргізу арқылы, барлық топтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімді орта қалыптастыру.

Бұл жолы комиссия нысанаға мемлекеттік мекемелер соныӊ ішінде құқық қорғау органдарын алды. Мониторинг жүргізу барысында Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасыныӊ, Қызылорда облысыныӊ Төтенше жағдайлар департаменті, Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментініӊ кедендік бақылау басқармасы қызметтерініӊ мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін қолжетімділігі зерделеніп, пандустардыӊ талапқа сай еместігі, дабыл шақыру түймесініӊ істемей тұрғандығы секілді кемшіліктерге ескерту мен тиісті ұсыныстар айтылды.

- Соӊғы 5 жылда облыста 837 нысан мүгедектерге қолайлы етіп бейімделген. Алайда олардыӊ жәй-күйі рейдттік тексерістер барысында анықталып жатыр. "Нұр Отан" партиясы филиалдары жанынан құрылған қоғамдық бақылау комиссиялары атылмыш нысандардыӊ 300 бірлігін ағымдағы жылы тексеруді жоспарлады. Нақты кезеӊде оныӊ 114-і қадағалаудан өтті, - дейді. облыстық партия филиалы саяси жұмыстар бөлімініӊ меӊгерушісі Алтынбек Жарылқасынов.

Бөлім басшысыныӊ айтуынша, бақылау жүргізілген 114 нысанныӊ 56-ы ғана талапқа сай болып шыққан. Қалған 57-і көӊіл көншітпейді. Оныӊ 44-і мемелекеттік, ал 12-і кәсіпкерлік нысандар.

Өӊірде мүмкіндігі шектеулі жандардыӊ құқықтарын қорғау, өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында 2016-2017 жылдарға арналған "Жол картасы" қабылданған. Оныӊ орындалуын бақылау нұротандықтарға жүктелген.

- Бүгінде партия филиалдары жанынан құрылған Қоғамдық бақылау топтарымен бақылау жұмыстары тұрақты жүргізіп жатыр. Нәтиже жаман емес. Мұнан зор үміт күтеміз, - дейді комиссия мүшесі, облыстық мүгедектер қоғамыныӊ төрағасы Мұрат Жұмаділлаев.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны