22.02.2017, 17:02 5106

Қызылорда облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында конкурс өтті

Мұнда шеберлер қолөнерден бөлек пластиктен есік-терезе жасап, ағаштан түрлі жиһаздар дайындайды. Олардыӊ арасында тігін цехында құмыс істейтіндер мен жарнама агенттігі материалдарын әзірлейтіндер де бар.

Қызылорда. 22 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында конкурс өтті,- деп хабарлайды облыс әкімініӊ баспасөз қызметі.

Шараға "Нұр Отан" партиясы Қызылорда қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Ш.Ибдірахманов, "Ұшқын" қоғамдық бірлестігі төрағасы Б.Жұмашев және мүмкіндігі шектеулі жандар қатысты.

Шара алдымен бірлестіктегі мүгедек жандардыӊ қолынан шыққан бұйымдармен танысудан басталды. Бірлестік төрағасы Б.Жұмашев бұл бастаманыӊ ертеректе бой көтергенін, қазіргі таӊда бірлестіктіӊ 50 мүгедек жанныӊ табыс табар орны екенін және қолөнер бұйымдарын сатылымға шығару жолы қарастырылып жатқандығын тілге тиек етті. Мұнда шеберлер қолөнерден бөлек пластиктен есік-терезе жасап, ағаштан түрлі жиһаздар дайындайды. Олардыӊ арасында тігін цехында құмыс істейтіндер мен жарнама агенттігі материалдарын әзірлейтіндер де бар.

Конкурс барысында шеберлер өздерін әр түрлі қырынан көрсетіп, әр салада жасалған жұмыстарын көрсетті. Партия тарапынан жоғары бағаланған осы бұйымдардыӊ алдағы уақытта базар дүӊгіршіктерініӊ бірінен орын алып, сатылымға шығуына көмек берілетіні айтылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны