14.06.2017, 13:40 3377

Қызылорда облысында "Керемет" театр студиясыныӊ бүлдіршіндері өнерлерін паш етті

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Хореография кафедрасы жанынан ұйымдастырылған "Керемет" балалардыӊ хореография және театр студиясы 2016-2017 жылдық жұмысыныӊ есептік бағдарламасын көрсетті.

Қызылорда. 14 маусым. Kazakhstan Today - Ата-аналардыӊ қолдауымен "Робинзон" балалар демалыс орталығында Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті Хореография кафедрасы жанынан ұйымдастырылған "Керемет" балалардыӊ хореография және театр студиясы 2016-2017 жылдық жұмысыныӊ есептік бағдарламасын көрсетті.

Студия жетекшісі "Хореография" кафедрасыныӊ аға оқытушысы - С.Нұрманова. Концерттік бағдарламаға ата-аналар мен қонақтар көрермен болды.

Студияға қатысушы жас артистер би билеп, ән айтты. Актерлік шеберліктерін мазмұнды тақпақ арқылы көрсетіп, "Шыбынбике-Шыбынгүл", "Үш торай" ертегілерін сахналады. Жыл бойы университеттіӊ концерттік бағдарламаларына қатысып үздік өнер көрсеткені үшін біршама бүлдіршіндер "Алғыс хатпен" марапатталды. Концерттік бағдарлама демалыс орталығыныӊ түрлі ойын-сауығымен жалғасты.

Ата-аналар балаларыныӊ жыл бойы үйренген ән, би, сахналық қойылымдарын көріп, ізгі тілектерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны