18.07.2006, 18:44 2720

Қызылорда облысында қылмыс саны артуда, ал қылмыстың бетін ашу төмендеп барады

ҚЫЗЫЛОРДА. 18 шілде. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында қылмыс саны артып, оны әшкерлеу төмендеп кеткен. Бұл жөнінде журналистерге облыс прокуроры Зарлық Лақпаев хабарлаған.

Прокурордың мәліметі бойынша, Арал өңірінде алғашқы жарты жылдың ішінде 1986 қылмыс тіркелген, яғни өткен жылмен салыстырғанда 6,6% артқан. Оның ішінде ауыр қылмыс саны – 293-тен 334-ке (12,2%) қасақана кісі өлтіру және шабуыл жасау - 10-нан 12-ге, ауыр жарақаттау - 29-дан 33-ке артқан.

«Тіркелген қылмыстың ішінде ұрлық саны басым түсіп, 56,2% құрады», - дейді прокурор. Алғашқы жарты жылда 826 ұрлық жасалған (11,4%), 116 тонау (24,1%) актісі анықталды. Оған қоса топпен жасалған қылмыс 13,2% (164-тен 189-ға) көбейген. Есесіне, статистикалық мәліметтерге сәйкес қылмыс бетін ашу 78,4%-дан 73,9%-ға төмендеген.

З. Лақпаевтың айтуынша, тексеру кезінде есеп-тіркеу тәртібінде көптеген заң бұзушылықтарға жол берілгені анықталыпты. Атап айтқанда, бүркеленген 69 қылмыс тіркеуге алынды. Жыл басынан бері, азаматтардың құқықтарына нұқсан келтірген төрт полиция қызметкері үстінен қылмыстық іс қозғалған.

Нақты айтқанда, Арал ауданының прокуратурасы ұсталған азаматты соққыға жыққан АІІБ қызметкері үстінен іс қозғады. Аудандық сот құқықорғаушыны 4 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған.

Уақытша оқшаулау, медициналық айықтырғыштарды, қызмет бөлмелерін тексерген прокруатура қызметкерлері, заңсыз қамауға алынған 9 адамды босатты. З. Лақпаев жыл басынан бері прокуратура қызмектерлері 236 мәрте іске араласып, 121 қызметкерді тәртіптік жазаға шақырғанын мәлімдеді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны