10.11.2018, 22:04 4687

Қызылорда облысында "Кітап - білім ошағы" тақырыбында аймақтыӊ білім саласыныӊ мамандарымен кездесу өтті

И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы және ҚР білімді дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "Кітап - білім ошағы" тақырыбында аймақтыӊ білім саласыныӊ мамандарымен кездесу өтті.

Қызылорда. 10 қараша. Kazakhstan Today - И.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық ғылыми әмбебап кітапханасында Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы және ҚР білімді дамытудыӊ 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында "Кітап - білім ошағы" тақырыбында аймақтыӊ білім саласыныӊ мамандарымен кездесу өтті.

Шараға "Нұр Отан" партиясы қалалық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Шәріп Ибдірахманов, "Өрлеу БАҰО" АҚ Қызылорда облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру институтыныӊ кафедра меӊгерушісі Баймырза Қожамберлиев, "Қызылорда қызмет көрсету және сервис" колледжініӊ директоры, "Ынтымақ" БПҰ төрағасы Тәшен Оразбек, қалалық білім беру бөлімі әдіскері Нұрлан Дәулетәлиев, мектеп басшылары, кітапханашылар және БАҚ өкілдері қатысты.

Бағдарламаныӊ "Техникалық кәсіптік білім" тармағы бойынша Тәшен Оразбек сөз сөйлесе, "Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім және ғылымды дамыту мақсаттары, міндеттері және мәселелер мен шешімдері" жайында Баймырза Қожамберлиев кеӊінен тоқталды. Сонымен қатар, бағдарламаныӊ жалпы жүзеге асуы туралы Нұрлан Дәулетәлиев баяндама жасады.

Жиын соӊында қатысушылар бағдарламаға және көтерілген тақырыпқа сай бірнеше тұщымды ұсыныстар айтып, еркін пікір алмасты. Шәріп Икбарұлы айтылған ұсыныстардыӊ назардан тыс қалмайтынын жеткізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны