28.09.2009, 16:48 3591

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген ителгі аулап жүргені үшін Сирияның екі азаматы ұсталды

Қызылорда облысында Қызыл кітапқа енгізілген ителгі аулап жүргені үшін Сирияның екі азаматы ұсталды

Қызылорда. 28 қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 25 қыркүйекте Қызыл кітапқа енгізілген ителгі аулап жүргені үшін Сирияның екі азаматы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Кедендік бақылау департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Арал" кеден бекетінің қызметкерлеріне Арал қаласының маңында екі шетел азаматы сирек кездесетін құстарды аулап жүр деген ақпарат алған. Кеденшілер мен Қызылорда облыстық ҰҚКД өкілдерінен құралған бірлескен жедел топ Тербенес тауында, Арал қаласынан 75 шақырым жерде Сирияның екі азаматын ұстады. Олардан екі ителгі құсы мен жыртқыш құстарға жемге деп дайындалған кептерлер табылып тәркіленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны