21.05.2012, 12:49 3122

Қызылорда облысында көкөніс қоймасы кеңейтілді

С.Саянов "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1,5 млн теңге көлемінде несие алып, шағын кәсібі - көкөніс қоймасын кеңейтті. Енді түрлі көкөністер мен жемістерді жеке-жеке сақтап, температураны бақылауға мүмкіндік туды, әрі тұрғылықты халықтың көкөнісін сақтауға алатын болды.

Астана. 21-мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында көкөніс қоймасы кеңейтілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Аралдық кәсіпкер Серікбай Саянов "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының мүмкіндігін пайдаланып, өз бизнесін кеңейтті.

С.Саянов "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының екінші бағыты бойынша 1,5 млн теңге көлемінде несие алып, шағын кәсібі - көкөніс қоймасын кеңейтті. Енді түрлі көкөністер мен жемістерді жеке-жеке сақтап, температураны бақылауға мүмкіндік туды, әрі тұрғылықты халықтың көкөнісін сақтауға алатын болды.

Оған қоса, кәсіпкерге "Қызылорда" ИКК-нен корпорация күзде сатылып алатын көкөністерді қыс бойы сақтап, халықты арзан жеміс -жидекпен қамтамасыз ету туралы ұсыныс түсіп отыр.

ҚР Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің ақпаратына қарағанда, 2012 жылдың қаңтар-наурыз айларында "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасына қатысуға жергілікті өкілетті органға 26,4 мың адам өтініш білдіріп, оның 19,7 мыңы қолдау тапқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны