14.03.2017, 20:53 5189

Қызылорда облысында қолөнершілер көрмесі өтті

Қызылорда облысында "Қарлығаш" қолөнер шеберлері орталығыныӊ бастамасымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс қолөнершілерініӊ көрмесі өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ қарсаӊында өткізіліп отырған шараға 40-қа жуық қолөнерші қатысты.

Қызылорда. 14 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Қарлығаш" қолөнер шеберлері орталығыныӊ бастамасымен А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде облыс қолөнершілерініӊ көрмесі өтті. ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесініӊ қарсаӊында өткізіліп отырған шараға 40-қа жуық қолөнерші қатысты.

Барлық мемлекеттен өкілдер келіп тамашалайтын халықаралық көрме маршруттарына біздіӊ облыстан да нысандар енгізілгені белгілі. Жергілікті қолөнершілердіӊ басын қосқан орталық жетекшісі Қарлығаш Ілиясованыӊ айтуынша Сыр топырағындағы Қорқыт ата кешені мен Байқоӊыр ғарыш айлағына келген қонақтар назарына осы шеберлер ұсынған дүниелер де ұсынылмақ.

Шараға қолдау көрсеткен "Самұрық" инновациялық идеяларды дамыту орталығы өкілдері Зылиха Қалендарова, Атакент Маутова, Шайх-Ислам Мағауияұлы, Қанат Өтепбергенов, Құрманғазы Бектұрсынов, Айсұлу Асқарбековаларға марапат тапсырды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны