10.10.2018, 23:27 4045

Қызылорда облысында көне Сығанақтан табылған экспонаттар көздіӊ қарашығындай сақталуда

Оныӊ ішінде көне Сығанақтыӊ орны айрықша. Себебі, Қазақ хандығыныӊ алғашқы астанасы болған осы шаһар. Қаншама жылдан бері сабалаған жаӊбырдыӊ астында, уілдеген желдіӊ өтінде орналасқан сонау орта ғасырлардан сыр тартқан Сығанақтыӊ тарих қойнауында бұғып жатқан мәдени мұралары баршылық.

Қызылорда. 10 қазан. Kazakhstan Today - Елбасыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласы руханият әлемініӊ көкжиегін кеӊейтіп, мәдени мұралардыӊ маӊыздылығын айқындай түсті. Ирі "Туған жер" бағдарламасы аясында бірқатар жобаларды жүзеге асыру керектігін мәлімдеген болатын. Яғни, оныӊ қатарында "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ географиясы" бар. Бұл тізімге Сыр өӊірінен Сығанақ шаһараныӊ енгені белгілі. Тамырын тереӊнен тартқан құтты орданыӊ ықылым заманнан және орта ғасырлық қалалардыӊ саяси-экономикалық маӊызы зор болғаны ақиқат. Оныӊ ішінде көне Сығанақтыӊ орны айрықша. Себебі, Қазақ хандығыныӊ алғашқы астанасы болған осы шаһар. Қаншама жылдан бері сабалаған жаӊбырдыӊ астында, уілдеген желдіӊ өтінде орналасқан сонау орта ғасырлардан сыр тартқан Сығанақтыӊ тарих қойнауында бұғып жатқан мәдени мұралары баршылық.

Осы тұста, көне мен бүгінгініӊ айшықты тұстарын жаӊғыртып, олардан белгі болып қалған жәдігерлердіӊ иесі іспеттес Жаӊақорған аудандық тарихи-өлкетану музейініӊ маӊызы зор. Себебі, ол - әр дәуірдегі мәдениетті сақтаушы, насихаттаушы бірден-бір рухани орда. Қазіргі таӊда музей қорында аудан көлеміндегі тарихи орындардан табылған археология саласы бойынша 500-ден астам экспонаттар бар. Соныӊ ішінде көне Сығанақтан табылған керамикалық ыдыстар мен қабырға қаптамасыныӊ сынықтары көздіӊ қарашығындай сақтаулы.

Көне тарихтыӊ куәсі болған жәдігерлер жөнінде аудандық тарихи-өлкетану музейініӊ ғылыми әдіскері Құралай Дәрменнен білдік.

- Өздеріӊізге белгілі, 2003 жылдан бастап Қ.Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетініӊ профессоры, тарих ғылымдарыныӊ докторы Сайден Жолдасбаевтыӊ басқаруымен көне Сығанақ шаһарында тәжірибелік-зерттеу жұмысы жүргізіліп келеді. Сығанақ қаласынан археологиялық қазба жұмыстарында табылған жәдігерлердіӊ көпшілігі керамика - саздан жасалған ыдыстар. Соныӊ бірі біздіӊ музейдіӊ төрінен орын тепкен үлкен көлемді ыдыс - Хум. Яғни, көзе. Бұл - дәнді дақыл, астық және сұйықтықтарды сақтайтын, қысқа мойынды, ернеуі қалыӊ, шанағы жұмыртқа тәрізді ыдыс, - дейді ғылыми әдіскер Құралай Мақұлбекқызы.

Сондай-ақ табылған құнды дүниеніӊ қатарында ташнау бар. Ташнау - орта ғасырларда суды сыртқа шығаратын канализацияныӊ бір түрі. Музейде тұрған ташнаудыӊ көлемі шағын. Жұмыртқа тәріздес бұйымныӊ асты ойық. Ол - қазан-ошақтыӊ басында тұратын болған. Қалдық сулар мен артық сұйықтықтарды сол арқылы ағызып жіберетін болған. Оған қоса, ташнаумен қатар орналасқан құнды жәдігердіӊ бірі - қыштан жасалған құмыра. Бұл сұйық ас және су құятын ыдыс болған. Оған қоса, сан ғасырдан сақталған бұйымдар қатарында көне қаптамалар мен күйдірілген кірпіштер бар. Ирине, мұныӊ бәрі тарихтан білетініміздей, XV-XVIII ғасырларда қала бұрынғысынша сауда және қолөнер орталығы болғандығыныӊ айғағы.

- Негізінен Сығанақ қаласынан археологиялық қазба жұмыстарында табылған жәдігерлер мен құнды заттар осы қазба жұмысын жүргізген археологтардыӊ қолында. Ал, бір бөлігі Қызылорда облыстық өлкетану мұражайына табысталған. Бүгінгі таӊда зерттеу жұмысы әлі жалғасып жатыр. Алдағы уақытта да көне шаһар көмбесінен құнды дүниелер шығады деген сенім мол, - деді Құралай Дәрмен.

Иә, тарихқа көз жүгіртсек, Сығанаққа зерттеу жұмысын жүргізген бір топ ғалымдар легін айтуға болады. Мәселен, 1892 жылы Е.Смирнов, 1899 жылы В. Каллаур, 1906 жылы И.А. Кастанье осы қалаға арнайы келіп, ғылыми зерттеу жүргізген. Ал, 1927 жылы Ресей Академиясыныӊ жанындағы материалдық мәдениет институтыныӊ тапсырмасы бойынша Сығанақ қаласын А.Якубовский археологиялық қазба жұмысын жүргізіп, тыӊғылықты қарап шығады. Ол қаланыӊ топографиялық жағына көӊіл бөліп, Сығанақ қаласында орын тепкен бірқатар ғимараттардыӊ суретін түсіріп алады. Сондай-ақ 1947 жылы А.Бернштам, 1950-жылдары Е.Агеева мен Г.Пацевичтер археологиялық барлау жұмыстарын жүргізген. Оған қоса, 1970-ші жылдары өзіміздіӊ отандық ғалымдар, Отырар археологиялық экспедидциясыныӊ меӊгерушісі К.Ақышев пен К.Байпаков зерттеу жүргізіп, бұл қала ортағасырлық қалалардыӊ ішінде Отырар қаласынан кейінгі атақты екінші қала деген нақты анықтама берген.

Осындай қатпарлы тарихты жаӊғыртып, жас ұрпаққа құнды мұралар мен жәдігерлер арқылы патриоттық тәрбие беруде музейдіӊ маӊызы орасан. Өйткені, тұтас бір ұлт руханиятыныӊ келбетін, ғасырлар шежіресін жан-жақты зерттеп, дәріптейтін құтты мекен екені даусыз. Тарихи-өлкетану музейі әлі талай жерде көміліп жатқан тарихын тірілтіп, оны сақтап, ел арасында насихаттай берері айқын.

Түйіндей айтқанда, Мемлекет басшысыныӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" мақаласында "егер жаӊғыру елдіӊ ұлттық рухани тамырынан нәр алмаса, ол адасуға бастайды" деген пайымы ел ертеӊіне алаӊдаған әрбір азаматтыӊ көкейінде болуы керек.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны