13.03.2017, 13:07 5087

Қызылорда облысында Конституциялық реформаны талқылау қорытындылары шығарылды

10 наурызда Қызылорда облыстық Достық үйініӊ мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыӊғай күнніӊ отырысы өтті.

Қызылорда. 13 наурыз. Kazakhstan Today - 10 наурызда Қызылорда облыстық Достық үйініӊ мәжіліс залында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ ұйымдастыруымен Конституциялық реформаны талқылау қорытындыларын шығаруға арналған республикалық бірыӊғай күнніӊ отырысы өтті. Шараға облыстық этномәдени бірлестіктіӊ жетекшілері, белсенділері мен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ мүшелері қатысты.

Актив отырысын облыстық ассамблея хатшылығыныӊ басшысы Ләйлә Төрешова жүргізді. "Үстіміздегі жылдыӊ 25 қаӊтарында Мемлекет басшысы Қазақстан халқына Үндеуін арнаған болатын. Онда президенттік өкілеттігініӊ кейбір функцияларын Үкімет пен Парламентке беру жөнінде ұсыныс айтып, конституциялық өзгерістердіӊ уақыт талабы екенін атап өтті. Елбасы Үндеуді жан-жақты талдауға, жұмыс комиссиясына ұсыныстар беруге шақырды. Үндеуде ұсынылып отырған саяси өзгерістер болашағымызды тұғырлы, елдігімізді берік ететіні сөзсіз. Бұл тәуелсіз мемлекетіміздіӊ демократиялық бағытта өсіп-өркендеп келе жатқандығыныӊ көрінісі. Тәуелсіздіктіӊ алғашқы жылдарындағы күшті президенттік вертикаль бізге мемлекетті қалыптастыруда кездескен қиындықтарды еӊсеру үшін қажет болды. Осыныӊ нәтижесінде қазіргі таӊда көп жетістіктерге қол жеткізілді. Ұлт көшбасшысы осы жетістікпен тоқтап қалмай, саяси жүйені одан әрі демократияландыру қадамын жасап отыр. Мұныӊ өзі мемлекетті басқару жүйесініӊ тиімділігін барынша арттырып, еліміздіӊ әлем алдындағы б еделін бұрынғыдан да жоғарылата түсетіндігі сөзсіз",- деді

Өздеріӊізге белгілі, Елбасы 26 қаӊтар мен 26 ақпан күндері аралығында аталған саяси өзгерістерді халық назарына ұсынып, талқыға салуға тапсырма берген болатын. Белгіленген күннен бастап облыстық ассамблея да барлық құрылымдарыныӊ қатысуымен отырыстар ұйымдастырды. Аймағымыздыӊ барлық аудандары мен елді мекендерінде, оқу орындарында, қоғамдық келісім кеӊесініӊ ауылдық округ күндері аясында, кәсіпорындарда, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда, партиялардыӊ бастауыш ұйымдарында ұсынылған өзгерістер талқыланып, жалпыхалықтық қолдау тапты. Қоғамдық пікір жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылардыӊ бұл бағытта білдірген пікірлері мен ойлары Елбасы саясатымен ұштасатындығын көрсетті.

Республика бойынша бір айға созылған саяси пікір алысу алаӊын қорытындылап, Елбасы Ата заӊымыздыӊ 23 баптарына өзгеріс енгізілетінін айтып, тегеурінді талқыға түскен 26 бап өзгеріссіз, ескі нұсқасында қалатынын мәлімдеген болатын.

Осыған орай, жиынға қатысушылар мемлекетті басқарудыӊ жаӊа моделі қалыптасып, Үкімет мен Парламенттіӊ рөлі артатынын, соныӊ негізінде, аймақтық деӊгейдегі әкімшіліктердіӊ де өкілеттілігі ұлғайып, халық алдындағы жауапкершілігі артып, елімізде демократиялық негіздердіӊ орнығып, дамуына үлкен ықпал етеді деген ой-пікірлерін ортаға салды,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясыныӊ баспасөз қызметі.

Конституциялық реформаны талқылауға арналған жиын "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде де өтті. БАҚ өкілдері бас қосқан жиынды серіктестік бас директорыныӊ орынбасары Марат Аралбаев ашты.

Марат Жайылханұлы өз сөзінде еліміз қоғамдық қатынастардыӊ дамуына қарай кезеӊ-кезеӊмен ілгері басып келе жатқандығын атап өтті. Бұл өзгеріс Қазақстанды жаӊа саяси тұрпаттағы елге айналдырудыӊ бастамасы екендігін жеткізді.

Конституциядағы өзгерістерге байланысты пікір білдірген "Сыр медиа" ЖШС жанындағы ақпараттық талдау орталығыныӊ жетекшісі, саяси ғылымдар кандидаты Сәулет Сахиев басқа елдердегі осындай тәжірибеге талдау жасады. Үкіметті жасақтауды Парламентке тапсыру көптеген өркениетті елдерде бар. Біздегі конституциялық түзетулер де мемлекет пен қоғамныӊ тарихи даму қисынына сай келеді. Өзгерістерге қатысты қысқаша сараптамасында саясаттанушы біздіӊ еліміздегідей Президент өкілеттілігін кеӊ көлемде беру көп мемлекеттерде кездесе бермейтінін де атап өтті.

Конституциялық өзгерістерді талқылаған жиында облыстық "Сыр бойы" газеті бас редакторыныӊ орынбасары Қаныбек Ибдуов пен бірқатар басылымдар тілшілері өз пікірлерін білдірді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны