05.05.2017, 17:55 8074

Қызылорда облысында қорғаныс бөгеттері нығайтылуда

Қызылорда қаласындағы саяжай учаскелері аумағындағы қорғаныс бөгеттерініӊ жағдайын қарап тексеру бойынша көшпелі брифинг өткізілді.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда қаласындағы саяжай учаскелері аумағындағы қорғаныс бөгеттерініӊ жағдайын қарап тексеру бойынша көшпелі брифинг өткізілді. Қорғаныс бөгеттерін шолу барысында брифингке қатысушылар саяжай алқабын су басуды болдырмау үшін жасалып жатқан жұмыстарға куә болды. Қазір мұнда саяжайлар мен стратегиялық нысандарды тасқыннан қорғау үшін КамАЗ-дар легі құм тасу үстінде.

Жалпы қорғаныс бөгеттерін биіктетіп, нығайту іс - шараларына облыс бойынша 1097 адам мен 224 техника жұмылдырылуда.

Сонымен қатар Қызылорда қаласы төтенше жағдайлар басқармасыныӊ жедел тобы Сырдария өзені жағасында және "Эдельвейс", "Орбита" саяжай серіктестіктерінде тұратын тұрғындарды құлақтандыру бойынша іс- шараларды жүргізді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны