18.10.2018, 17:58 4318

Қызылорда облысында "Қорқыт. Қобыз" атты қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардыӊ байқауы өтті

Байқау барысында қатысушылар Көне дәуірдегі жыр үлгілерінен үзінді (Күлтегін, Оғызнама, Тоныкөк, Қорқыт дәуірі т.б.) және Қожа Ахмет Яссауидіӊ хикметтері, өз қалауы бойынша 1 жыр немесе халық әнін орындайтын болады.

Қызылорда. 17 қазан. Kazakhstan Today - Бүгін А.Тоқмағамбетов атындағы Қызылорда қалалық Мәдениет үйінде тұӊғыш рет республикалық "Қорқыт. Қобыз" атты қыл қобызшылар мен қобызбен сүйемелдеп жыр айтушылардыӊ байқауы өтеді.

Шараға Астана Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Орал, Шымкент және Қызылорда облыстарынан барлығы 17-50 жас аралығындағы 17 адам қатысады.

Фестивальге Қазақстанныӊ еӊбек сіӊірген қайраткерлері, қыл қобызшылар Илқуат Қазақбаев, жырау Ұлжан Байбосынова және Қорқыт ата мұраларын шет елдерде насихаттап жүрген қазақтыӊ талантты қызы Раушан Оразбаевалар қазылық жасайтын болады.

Байқау барысында қатысушылар Көне дәуірдегі жыр үлгілерінен үзінді (Күлтегін, Оғызнама, Тоныкөк, Қорқыт дәуірі т.б.) және Қожа Ахмет Яссауидіӊ хикметтері, өз қалауы бойынша 1 жыр немесе халық әнін орындайтын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны