15.07.2008, 12:50 1741

Қызылорда облысында күріш өндірушілер мен өңдеушілердің қауымдастығы құрылды

Қызылорда облысында күріш өндірушілер мен өңдеушілердің қауымдастығы құрылды

Қызылорда. 15 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысындағы тоғыз ірі күріш өндіруші компанияның жетекшілері күріш өндірушілер мен өңдеушілердің қауымдастығын құру туралы меморандумға қол қойды. Бұл туралы агенттік тілшісіне қауымдастық президенті, ""Dihan" күріш компаниясы" ЖШС бас директоры Асхат Сүлейменов хабарлады.

"Өңірде еліміздегі күріш егістіктерінің 90% орналасқан. Облыстың әрбір үшінші тұрғыны қалай болмасын осы саламен байланысты. Мұндай бірлестік құру қордаланып қалған тауқыметтерді шешу үшін қажет", -деді А. Сүлейменов.

"Бұрын Арал өңірінде күріш егістіктерінің ең жоғары көлемі 120 мың гектарға жететін. Биыл қуаңшылыққа байланысты егін небәрі 60 мың гектарға егілген. Мемлекеттің жауапкершілігіндегі магистральдық коллекторлық желінің істен шығу проблемасы да күрделі күйінде қалып отыр", -деді "Dihan" бас директоры.

"Биыл үкіметтің резервінен күрішшілерге бөлінетін субсидиялар көлемі бір гектарына 20 мың теңгеге дейін ұлғайтылған. Ол шығындардың небәрі 16%-ын ғана өтейді. Осыған байланысты қауымдастық келесі жылға субсидиялар көлемін қорғау үшін құжаттар қоржынын дайындай бастайды", - деді Асхат Сүлейменов.

Оның айтуынша, "Италия мен Францияда күрішшілерге берілетін мемлекеттік субсидиялар экология және шығымдылық секілді сапалық көрсеткіштерге қатаң сабақтастырылған, яғни, олар жаңа технологияларға ынталандырады. Біз де іске осындай көзқарас ұстануды қолдаймыз".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны