02.09.2011, 11:35 3563

Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды

Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылдық округінде болып, "Мәди қажы" шаруашылығының күріш даласындағы жиын-терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысқан.

Астана. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында күріш жинау науқаны басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Нұрсұлтан Назарбаев Қызылорда облысына барған жұмыс сапары барысында Сырдария ауданындағы Шіркейлі ауылдық округінде болып, "Мәди қажы" шаруашылығының күріш даласындағы жиын-терім жұмыстарының басталу рәсіміне қатысқан.

Шаруашылықтағы жұмыстың негізгі бағыты - күріш өнімін өндіру, өңдеу, сондай-ақ өзге ауыл шаруашылық өнімдері мен асыл тұқымды мал шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің жалпы аумағы - 10145 гектар. Оның 3645 гектары - инженерлік жоспарланған жерлер, жайылымдық жер көлемі - 4000 гектар, өзге мақсаттағы жерлер - 2500 гектар. Жыл сайын 2,5 мың гектар аумаққа күріш себіледі. Шаруашылықта 415 адам еңбек етеді. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық дақылдары 3465 гектар аумаққа егілді. Алдағы уақытта 15 мың тонна ақтамаған күріш, 90 тонна сафлор және 1700 тонна жоңышқа жинау жоспарланған. Биылғы жылы себілетін тұқымның сапасын арттыру үшін шаруашылық тарапынан 285 тонна таңдаулы күріш тұқымы сатып алынып, егілген. Сонымен қатар күріш сортын жаңалау мақсатында ресейлік жаңа "Фишт" сорты себіліп, өндірістік сынақтан өткізілуде. 2010 жылы өсімдік шаруашылығы саласын қолдау үшін шаруашылыққа 50569 мың теңге субсидия, ағымдағы жылы 86032,3 мың теңге төленген. 2009 жылы шаруашылық тарапынан "Мұғалжар" тұқымды жылқының 50 басы сатып алынды.

Мемлекет басшысы сондай-ақ Сырдария ауданындағы Н.Ілиясов аулдық округінде болып, аталған ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты. Президентке "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасын іске асыру барысы және ауылда мемлекеттік-жеке меншік серіктестіктің қорытындылары туралы баяндалды. Мемлекет басшысы сауда үйінің жұмысымен танысты. Ауылды аралау барысында Президент облыстың ауыл шаруашылық өнімдерінің көрмесін аралап көрді. Нұрсұлтан Назарбаев ауыл тұрғындарымен, "Дипломмен - ауылға" бағдарламасы бойынша ауылда жұмыс істеп жүрген жас мамандармен, "Ауылдың гүлденуі - Қазақстанның гүлденуі" марафон-эстафетасына қатысушылармен және "Жасыл ел" АҚ жұмысшыларымен кездесті. Ауылда 2235 тұрғын тұрады, мектеп, балабақша, емхана, кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық округ 5705 гектар егістік алаңы бар, ауыл шаруашылығын дамыту бағытындағы округ болып табылады. Дамыған әлеуметтік инфрақұрылымы, орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесі бар. Соңғы 3 жылда ауылдық округке 3560,1 млн. теңге инвестиция, соның ішінде 2990 млн. теңге жеке меншік инвестиция өсімдік шаруашылығына, әлеуметтік нысандарға, абаттандыру және көріктендіру жұмыстарына тартылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны