31.03.2017, 21:03 10477

Қызылорда облысында құжаттарды сандық форматқа көшіру, сақтандыру қорларын жасақтау жұмыстары жүргізілуде

Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін архивте сақталған 96 мыӊ 917 құжаттыӊ 10 млн.ға жуық парағы сандық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды.

Қызылорда. 31 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында бүгінгі күнге дейін архивте сақталған 96 мыӊ 917 құжаттыӊ 10 млн.ға жуық парағы сандық форматқа көшіріліп, сақтандыру қорлары жасалды. Цифрлық жүйеге бірінші кезекте құнды құжаттар енгізілуде. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасыныӊ басшысы Ержан Ибдірахманов мәлімдеді.

Қазір облыс бойынша өлкетану бағытындағы 3343 кітап, 1941-1969 жылдары басылып шыққан "Ленин жолы", "Путь Ленина" газеттері цифрлық форматқа көшірілген.

Сонымен қатар, жаӊа технологияларды пайдалану мақсатында алдағы уақытта театр, филармония, облыстық тарихи-өлкетану мұражайларыныӊ билеті онлайн режимінде жүргізілмек.

Ержан Ахметұлыныӊ айтуынша биылғы мәдениет саласындағы жоспарланған шаралар ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі мен Мемлекеттік рәміздердіӊ 25 жылдығы, таяу және алыс шетелдермен дипломатиялық қарым-қатынастыӊ 25 жылдығына арналып отыр.

Осы жылдыӊ 10-16 сәуір аралығында Қызылорда облысыныӊ Изірбайжан Республикасындағы мәдениет және өнер күндері аясында Баку және Шеки қалаларында гастрольдік сапары ұйымдастырылады. Оған облыстық театр және филармонияныӊ шығармашылық ұжымдары қатысып, өнер көрсетеді. Сондай-ақ, Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі аясында Қызылорда облысыныӊ өнер күндері өтеді деп жоспарлануда, - дейді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны