28.04.2017, 18:57 5638

Қызылорда облысында мектеп оқушылары соттыӊ бір күндік тыныс - тіршілігімен танысты

Сондай-ақ, оқушылар Қызылорда облыстық сотында болып азаматтардан құжаттарды қабылдау тәртібімен және "Бір терезе" қызметініӊ жұмысымен танысты.

Қызылорда. 28 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық сотына Қызылорда қаласында орналасқан С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептіӊ басшысы хат жолдады. Аталған хат орындау үшін аудандық соттарға жолданған болатын.

Мектеп басшысы А.Алтынбекова өз хатында сот органдарына мектеп оқушыларымен кездесу ұйымдастыруды сұраған.

Кездесу оқушылардыӊ құқықтық білімініӊ ақпараттық деӊгейін көтеру және заӊгер мамандығын таӊдаған оқушыларды сот жұмысымен таныстыру мақсатында өткізілуі тиіс болған.

Осыныӊ негізінде Қызылорда қалалық соты оқушыларды ай сайын өткізілетін "Ашық есік күніне" келуге шақырды.

Іс-шараға С.Сейфуллин атындағы №4 орта мектептіӊ оқытушылары мен оқушылар келді. Қызылорда қалалық сотыныӊ судьясы К.И.Сәдуақасова "Иділет үйі" ғимаратында орналасқан соттармен және нақты Қызылорда қалалық сотыныӊ жұмысымен жан-жақты таныстырып өтті.

Сондай-ақ, оқушылар Қызылорда облыстық сотында болып азаматтардан құжаттарды қабылдау тәртібімен және "Бір терезе" қызметініӊ жұмысымен танысты.

Қызылорда мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотыныӊ сот мәжілісі залдарында болып, Қызылорда қаласыныӊ №2 сотында өтіп жатқан қылмыстық іс бойынша ашық сот отырысына қатысуға мүмкіндік алды.

Оқушылар тәжірибеде сот отырысын өткізу, сотқа қатысушы тұлғаларды тыӊдау, сот жарыссөздерін өткізу тәртібімен танысты. Сондай-ақ, сот отырысын дыбыс, бейне жазу құралдарына тіркеу тәртібі түсіндірілді.

Іс-шара соӊында судья мен оқушылар Қызылорда облыстық сотыныӊ мәжіліс залында жайғасып пікір алмасты. Мектеп басшылығы мен оқушылар өз кезегінде Қызылорда қалалық сотыныӊ судьясы К.И.Сәдуақасоваға "Иділет үйінде" өткізілген қызықты және мағыналы экскурсия және жан-жақты таныстыру әӊгімесі үшін алғыстарын білдірісті.

Біз де өз кезегімізде оларға оқуларында табыс пен болашақтағы бастамаларыныӊ берекелі болуын тіледік!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны