03.05.2017, 15:06 3925

Қызылорда облысында мектептегі полиция инспекторы жұмысынан босатылды

Қызылорда облыстық прокуратурасы "Балаларды бірге қорғаймыз" жобасын жүзеге асыруда жергілікті полиция қызметініӊ тиімділігіне талдау жасады.

Қызылорда. 3 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық прокуратурасы "Балаларды бірге қорғаймыз" жобасын жүзеге асыруда жергілікті полиция қызметініӊ тиімділігіне талдау жасады.

Тексеру кезінде Шиелі кентіндегі №127 мектепке бекітілген мектептіӊ полиция инспекторы бірнеше күн бойы мектепте болмағаны анықталды. Ол туралы аудандық ІІБ жергілікті полиция қызметініӊ басшылығы да хабарсыз екендігі белгілі болды.

Осыған байланысты облыстық прокуратура Қызылорда облыстық ІІД жергілікті полиция қызметіне ұсыныс енгізді. Соныӊ нәтижесінде мектептіӊ полиция инспекторы "қызмет тәртібін өрескел бұзғаны үшін" жұмыстан босатылды.

Қазір қарамағындағы қызметкерлерге ведомстволық бақылау жүргізбегені үшін аудандық ІІБ басшыларыныӊ мәселесі қаралуда,- деп хабарлайды Қызылорда облыстық прокуратурасыныӊ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны