10.04.2017, 18:05 4886

Қызылорда облысында Мемлекет басшысыныӊ жолдауын арнайы 9 ақпараттық-насихаттық топ жұртшылыққа таныстыруда

Оныӊ айтуынша үстіміздегі жылдыӊ 15 ақпанындағы облыс әкімініӊ өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, елді мекендерге шығу кестесі бектілді

Қызылорда. 10 сәуір. Kazakhstan Today - Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасы басшысыныӊ орынбасары Ербол Рүстемов бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Мемлекет басшысыныӊ "Қазақстанныӊ үшінші жаӊғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік" атты Қазақстан халқына арналған Жолдауын ақпараттандыру мақсатында құрылған АНТ жұмысымен таныстырды.

Оныӊ айтуынша үстіміздегі жылдыӊ 15 ақпанындағы облыс әкімініӊ өкімімен 129 адамнан жасақталған 9 облыстық ақпараттық-насихаттық топ құрылып, елді мекендерге шығу кестесі бектілді. Аталған топ құрамына мемлекеттік органдардыӊ басшылары, облыстық мәслихат депутаттары, оқытушы ғалымдар, ҮЕҰ, этномәдени орталықтар мен БАҚ өкілдері енгізілген. Топ жетекшісі болып облыстық мәслихат хатшысы мен "Нұр Отан" партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары, облыс әкімініӊ орынбасарлары бекітілді.

- Облыстық ақпараттық-насихат топтыӊ жұмысын кезеӊ-кезеӊімен ұйымдастыру жоспарланып топ мүшелерініӊ бірінші легі 10-25 ақпанда, екінші легі 13-16 наурыз аралығында кездесулер өткізді. Сонымен қатар, Елбасы Жолдауыныӊ негізгі бағытын насихаттау мақсатында ҚР Парламенті Сенатыныӊ депутаттары Б.Еламанов, М.Бақтиярұлы, Мәжіліс депутаттары А.Ералиев, Н.Жұмаділдаева, М.Махамбетов, М.Айсина, А.Смағұлов 2-9 ақпан аралығында 21 кездесу өткізіп, оған 4500 адам қатысты. Жалпы Жолдау жарияланғаннан бері облыста барлығы 431 арнайы шара ұйымдастырылып, 32 мыӊнан астам тұрғын тікелей ақпарат алмасты, - дейді Е.Рүстемов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны