23.10.2018, 15:59 3862

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке тұру конкурстарыныӊ өткізілу талаптары қатаӊ бақылауға алынған

Қызылорда облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаментімен конкурстық рәсімді дұрыс өткізбеу салдарынан мемлекеттік органдардыӊ мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткердіӊ конституциялық құқықтарыныӊ бұзылуына жол берілген.

Қызылорда. 23 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мемлекеттік қызметке тұру конкурстарыныӊ өткізілу талаптары қатаӊ бақылауға алынған.

Ағымдағы жылғы 3 тоқсанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментіне Қызылорда қаласыныӊ тұрғыны Б.Досжанова мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымға орналасу конкурсыныӊ дұрыс өткізілмей, құқықтарыныӊ бұзылғандығы туралы арыз жолдаған.

Түскен арызға сәйкес Қызылорда облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаментініӊ қызметіне жоспардан тыс тексеру жүргізілді.

Тексеру барысында, Қызылорда облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті тарапынан Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасыныӊ 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығымен бекітілген "Б" корпусыныӊ мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу қағидаларыныӊ нормалары сақталмағандығы анықталды.

Қызылорда облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаментімен конкурстық рәсімді дұрыс өткізбеу салдарынан мемлекеттік органдардыӊ мемлекеттік қызметшілері арасындағы өткізілген ішкі конкурсқа құжат тапсырған үміткердіӊ конституциялық құқықтарыныӊ бұзылуына жол берілген.

Жоспардан тыс тексеру қорытындысымен Қызылорда облысыныӊ қоғамдық денсаулықты сақтау департаменті басшысыныӊ орынбасарына, 2 бас маманына және Қызылорда қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқарманыӊ басшысына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар ресімделіп, Қызылорда қаласыныӊ мамандандырылған әкімшілік сотымен лауазымды тұлғалар кінәлі деп танылды және 101 мыӊнан астам теӊге әкімшілік айыппұл бюджетке төленді.

Алдағы уақытта да азаматтардыӊ конституциялық құқықтарыныӊ бұзылмауы Департаменттіӊ қатаӊ бақылауында болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны