26.07.2017, 19:23 4329

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау аяқталды

Сондай-ақ, биылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтар да тестілеуге міндеттелді. Жаӊа заӊға сәйкес бірінші рет тестілеуге 331 адам қатысып, оныӊ 120 шекті көрсеткіштен жоғары нәтижеге ие болды.

Қызылорда. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында мемлекеттік қызметкерлерді аттестаттау жоғары деӊгейде өтті. Бұл туралы бүгін Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз-конференциясында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ облыс бойынша департамент басшысы Абзал Мұхимов баяндады.

Абзал Мұхимов, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ облыс бойынша департамент басшысы:

- Елбасыныӊ жолдауына байланысты кәсіби мемлекеттік аппарат құру үшін республиканыӊ барлық жерінде ауқымды шаралар атқарылуда. Сондай ілкімді істер сыр елінде де жалғасын тапты. Соған сәйкес мемлекеттік қызметкерлердіӊ біліктілігін арттыру мен кәсіби деӊгейін жетілдіру мақсатында жыл басында аттестаттау қолға алынды. Жергілікті атқарушы органдардағы 2700 қызметші кешенді аттестациялауға қатысып, 928-і түрлі себептермен босатылған. Қызметтегі ауысымдылық бойынша 60 адам өз еркімен жұмыстан кетіп, өткізілген лауазымдық конкурстардыӊ нәтижесінде аймақтағы мемлекеттік қызметкерлер саны 192 маманмен толыққан.

Сондай-ақ, биылдан бастап құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтар да тестілеуге міндеттелді. Жаӊа заӊға сәйкес бірінші рет тестілеуге 331 адам қатысып, оныӊ 120 шекті көрсеткіштен жоғары нәтижеге ие болды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны