09.08.2018, 18:49 4413

Қызылорда облысында мемлекеттік қызметтен үміткерлердіӊ үштен бірі ғана мемлекеттік қызмет тестінен өтуде

Қызылорда облысында 2018 жылдыӊ басынан бері кері себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған.

Қызылорда. 9 тамыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында 2018 жылдыӊ басынан бері кері себептермен 5 мемлекеттік қызметші атқарып отырған қызметінен босатылған. Бұл өткен жылдыӊ І-ші жартыжылдығымен салыстырғанда 3,5 есеге азайып отыр деді, - баспасөз конференциясында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов.

Биылғы алты айдағы кері себептермен қызметтен босатылғандардыӊ 2-уі сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасағаны үшін, 2-уі мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін және 1 мемлекеттік қызметші дәлелді себепсіз 3 сағаттан астам уақыт жұмыста болмағандығы үшін қызметтен қуылса, былтырғы жылдыӊ алғашқы алты айында 17 мемлекеттік қызметші теріс себептер бойынша жұмыстан босатылған болатын.

Сондай-ақ, облыс бойынша жыл басынан бері 48 мемлекеттік қызметші, оныӊ ішінде басшы құрамдағы 14 қызметші өз өтінішіне сәйкес қызметтен кеткен.

Бүгінгі таӊда, Қызылорда облысында штат бойынша 3737 қызметшініӊ орнына 3588 мемлекеттік қызметші жұмыс жасауда.

Үміткерлердіӊ үштен бірі ғана мемлекеттік қызмет тестінен өтуде.

Қазіргі таӊда, мемлекеттік қызметке азаматтарды іріктеудіӊ үш деӊгейі қарастырылған. Оныӊ алғашқы деӊгейінде - үміткердіӊ заӊнамалық біліктілігі тест арқылы анықталса, екіншісінде - іскерлік қасиеті бағаланады. Соӊғысы - кәсіби біліктілігіне қатысты әӊгімелесуден өту болып белгіленген.

Биылғы жылдыӊ І-ші жартыжылдығында Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік қызметке іріктеудіӊ алғашқы деӊгейіне 1414 адам қатысып, оныӊ 515 шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болған. Яғни, мемлекеттік әкімшілік қызметке кіруге үміткерлердіӊ 36,4 пайызы немесе үштен бірі ғана білім деӊгейініӊ талапқа сай екендігін дәлелдей алған.

Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына алғаш кіретін азаматтарды тестілеуге 1021 адам қатысып, олардыӊ 494 немесе 48,4 пайызы шекті мәннен төмен емес нәтижені иеленген.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Абзал Мұхимов баспасөз конференциясында мәлімдеді.

- Мемлекеттік қызметке үміткерлердіӊ тестке өз дайындық деӊгейлерін тексеру мақсатында үстіміздегі жылдыӊ мамыр айынан бастап "Персоналды басқару орталығы" АҚ арқылы сынама тестілеу басталды. Сынама тестілеуге қатысу үшін алдын ала "Персоналды басқару орталығы" акционерлік қоғамыныӊ аймақтағы маманына хабарласып, сынама тестілеудіӊ шарттарын білуге болады, - деді департамент басшысы Абзал Мұхимов.

Жыл басынан бері облыстыӊ мемлекеттік органдарындағы бос лауазымдарға орналасуға өткізілген 693 конкурсқа 965 адам қатысып, орта есеппен бір лауазымға 1,4 адамнан келген.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны