16.06.2017, 11:25 4202

Қызылорда облысында "Мемлекеттік қызметтіӊ имиджін көтеру жолдары" тақырыбында БАҚ өкілдері арасында шығармашылық конкурс жарияланды

Байқау жеӊімпаздары облыс әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Қызылорда. 16 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Мемлекеттік қызметтіӊ имиджін көтеру жолдары" тақырыбында БАҚ өкілдері арасында шығармашылық конкурс жарияланды.

23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күніне орай "Мемлекеттік қызметтіӊ имиджін көтеру жолдары" тақырыбындағы БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық конкурстыӊ ЕРЕЖЕСІ:

1. БАҚ өкілдері арасындағы шығармашылық конкурсы облыстық деӊгейде ұйымдастырылады.

2. Байқаудыӊ үйлестірушісі және ұйымдастырушысы "Сыр медиа" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.

Байқаудыӊ мақсаты:

3. Журналистердіӊ шығармашылығыныӊ дамуына қолдау көрсету.

4. Мемлекеттік қызметтіӊ имиджін көтеру.

Байқаудыӊ тақырыбы:

5. "Мемлекеттік қызметтіӊ имиджін көтеру жолдары".

6. Байқауды ұйымдастыру және оған қатысушыларға қойылатын талаптар:

Байқау материалдарын сараптау барысында тақырыптыӊ өзектілігі және маӊызы, мазмұныныӊ ашылу тереӊдігі, шынайылығы, жанрлық шарттарға сәйкестігі, жаӊа әдістерді қолданысқа енгізе білуі, тілі және стилініӊ ұғынықтылығы, журналистік шығармашылық әдістерініӊ ерекшелігі, тыӊ ақпаратты сараптау мен зерттеу әдістерін енгізе білу ерекшелігі, ұтымды қолдана білуі есепке алынады.

7. Байқауға қатысушылар Ұйымдастыру комитетіне (Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі №4 "А", "Сыр медиа" ЖШС, байланыс телефондары: 8 (7242) 70-00-36, мынадай құжаттарды қоса жібереді:

Өтініште төмендегі деректер көрсетілуі тиіс:

- автор туралы мағлұматтар /туған жері, күні, айы, жылы, ұлты/;

- жұмыс немесе оқу орны, қызметі, тұрғылықты мекен-жайы, байланыс құралдары.

8. Байқауға жіберілген материалдар авторларға қайтарылмайды.

9. Жеӊімпаз болып танылған материалдар облыстық "Сыр бойы", "Кызылординские вести" газеттері мен "Қызылорда-ньюс" интернет газетінде жарияланатын болады.

10. Байқауға ұсынылған материалдарды қазылар алқасы бағалайды.

11. Байқауды өткізу және қорытындысын шығару тәртібі үш кезеӊнен тұрады:

1) 2017 жылғы 21 маусымға дейін - байқауға қатысушылардан материалдарды

қабылдау;

2) 2017 жылғы 21 маусымнан 22 маусымға дейін - материалдарды сараптау және жеӊімпаздарды анықтау;

3) 2017 жылғы 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күніне орай байқау жеӊімпаздарын салтанатты марапаттау рәсімі.

12. Байқау жеӊімпаздары облыс әкімдігі тарапынан дипломмен, арнайы сыйлықтармен марапатталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны