05.06.2017, 16:54 4702

Қызылорда облысында мемлекеттік рәміздердіӊ 25 жылдығы аталып өтті

Ширек ғасыр еншісінде Елбасы бастауымен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар жасалды. Соныӊ нәтижесінде, бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы ата-бабамыз аӊсаған тәуелсіздіктіӊ, ұлттық мемлекет құру мұратыныӊ жүзеге асқан заманында бейбіт ғұмыр кешуде,-деді облыс әкімі.

Қызылорда. 5 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерініӊ қабылданғанына 25 жыл толуына орай салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, Мемлекеттік Елтаӊба авторы Жандарбек Мәлібеков, ардагерлер мен үкіметтік емес ұйымдардыӊ өкілдері және жастар қатысты. Аймақ басшысы қызылордалықтарды мерекемен құттықтады.

- Елбасы Нұрсұлтан Ибішұлы Назарбаев айтқандай: "Мемлекеттік рәміздер - халқымыздыӊ рухын, ұлттық санасы, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа деген үмітін, арман-тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер". Көк Ту астында берекелі бірлігіміз бен тату тірлігіміз, Гимніміз бен жетістігіміз дүниежүзіне танылуда. Тәуелсіз Қазақстанныӊ Көк Туы өзімен тілектес, экономикалық және достық қарым-қатынас орнатқан көптеген шет елдерде желбіреп тұр. Ұлттық Туымыз Олимпиадалық ойындар мен әлем чемпионаттарында биіктерге көтерілуде. Бұл - әрбір қазақстандық үшін үлкен мақтаныш, зор абырой, ұлы бақыт деп білемін.Ширек ғасыр еншісінде Елбасы бастауымен елімізде ғасырға татитын ауқымды жұмыстар жасалды. Соныӊ нәтижесінде, бүгінгі ұрпақ ғасырлар бойы ата-бабамыз аӊсаған тәуелсіздіктіӊ, ұлттық мемлекет құру мұратыныӊ жүзеге асқан заманында бейбіт ғұмыр кешуде,-деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, сырбойылықтарды ҚР Мемлекеттік Елтаӊбасыныӊ авторы, белгілі сәулетші, жерлесіміз-Жандарбек Мәлібеков құттықтады.

Мұнан соӊ Рәміздер аллеясында мемлекеттік қызметке жақында қабылданғандар ант қабылдады. Сонымен қатар, аймақтыӊ бірқатар тұрғындары облыс әкімініӊ алғыс хаттарымен марапатталды. Олардыӊ қатарында кәсіби біліктілігі арқасында ана мен оныӊ сәбиін аман алып қалған Қосаман ауылдық округініӊ фельдшері Жанар Сержанова, алапат өрттен 20 адамды құтқарған №11 өртке қарсы қызмет бөлімініӊ мамандары, халықаралық олимпиадалардыӊ жеӊімпазы Қуаныш Анарбай, шахматтан әлем чемпионы Исел Серікбай және бірқатар облыстық және республикалық байқаулардыӊ жүлдегері, облыстық "Кызылординские вести" газетініӊ тілшісі Кирилл Денисов бар.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны