11.07.2017, 15:59 3930

Қызылорда облысында "Мен - қазақпын" атты телевизиялық мега жобаныӊ облыстық іріктеу кезеӊі аяқталды

Еліміздіӊ түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердіӊ басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздіӊ әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерініӊ таӊдаулы туындыларын дәріптеуді мақсат еткен байқауға аудандарда іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысты

Қызылорда. 11 шілде. Kazakhstan Today - Бүгінде Қызылорда облысында өнерді өрістету бағытында бірқатар жобалар жүзеге асып келеді. Соныӊ бірі облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы мен "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы бірлесе өткізген "Мен - қазақпын" атты телевизиялық мега жобаныӊ облыстық іріктеу кезеӊі.

Еліміздіӊ түкпір-түкпіріндегі дәстүрлі әнші, термеші, күйшілердіӊ басын бір арнаға тоғыстырып, еліміздіӊ әр аймағында қалыптасқан өнер мектептерініӊ таӊдаулы туындыларын дәріптеуді мақсат еткен байқауға аудандарда іріктеуден өткен 28 өнерпаз қатысты. Кілеӊ жүйрік жарысқан өнер сайсында "Үздік аймақтық күйші" номинациясын С.Ділдабаев иеленсе, "Үздік аймақтық дәстүрлі әнші" номинациясына З.Баймұрзаева лайық деп табылды. Ал М. Сүгірбай "Үздік аймақтық жыршы-термеші" атанды. Үздіктер республикалық кезеӊге қатысуға жолдама алды.

Сондай-ақ, облыстық халық шығармашылығын дамыту және мәдени-продюсерлік орталығыныӊ ұйымдастыруымен көпшілікке танылмай жүрген кино-фото түсірушілердіӊ шығармашылығын дамыту мақсатында әуесқой кино түсірушілер мен фотосуретшілердіӊ облыстық байқауы болып өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны