27.04.2017, 16:28 4196

Қызылорда облысында мобильді топ өкілдері ауыл тұрғындарына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шаралары жайлы таныстырды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ мобильді топ өкілдері Тасбөгет кентініӊ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Қызылорда. 27 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ мобильді топ өкілдері Тасбөгет кентініӊ тұрғындарымен кездесу өткізді.

Жиын барысында мобильді топ мүшелері кент тұрғындарына бүгінгі күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру өзекті мәселе болып отырғанын және жемқорлықтыӊ алдын алуда бүкіл қоғам болып атсалысу қажет екендігін айтты.

Кездесу соӊында мобильді топ мүшелері мен тұрғындар арасында ортақ міндетке қатысты ұсыныстар мен пікірлер қызу талқыланды.

Бұған қоса, тұрғындарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта бейнероликтер көрсетіліп, материалдар таратылды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны