23.01.2007, 17:06 2980

Қызылорда облысында мүлікті заңдастырудан жиналған қаржы 4,7 млн теңгені құрады

ҚЫЗЫЛОРДА. 23-қаңтар. Kazakhstan Today. Мүлікті заңдастыруға қатысты іс-шара жүргізу нәтижесінде Қызылорда облысының бюджетіне 4,7 млн теңге кіріс кірді. Бұл туралы баспасөз мәслихатында қаржы департаментінің директоры Қалхазбек Ижібеков хабарлады.

Оның мәліметтеріне сүйенсек, іс-шараны жүргізгеннен бастап 7,7 млрд теңгенің мүлігі заңдастырылған. Жергілікті атқару органдарының жанындағы мүлікті заңдастыру жөніндегі комиссия 19 738 өтінішті тіркеген, олардың 18 096-ы тұрғын үйлерді заңдастыруға, 1302-і жер телімдерін, 340 адам тұрмайтын ғимараттарды заңдастыруға қатысты.

Директордың орынбасары Бақытбек Нұршатаевтің сөзіне сүйенсек, қазіргі уақытта 6 мыңнан астам өтініш қаралу үстінде. Мамандар өтініштердің негізгі легі іс-шараның ресми түрде аяқталуына бір апта қалғанда ағылады, деп болжауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны