24.02.2017, 18:22 4790

Қызылорда облысында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша қоғамдық тыӊдау өткізілді

Қызылорда облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша қоғамдық тыӊдау өткізілді.

Қызылорда. 24 ақпан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Кедергісіз келешек" жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша қоғамдық тыӊдау өткізілді.

Қоғамдық тыӊдауға қалалық партия филиалы төрағасыныӊ бірінші орынбасары Шәріп Ибдірахманов, партияныӊ "Тұран", "Теміржол" филиалдары төрағаларыныӊ бірінші орынбасарлары Есенжол Назаров, Базар Танбаева, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысыныӊ орынбасары Айгүл Ибраева, "Қызылорда облыстық мүгедектер қоғамы" ҚБ төрағасы Мұрат Жұмаділлаев, партия қызметкерлері, ҮЕҰ жетекшілері, БПҰ төрағалары, "Жас Отан" ЖҚ мүшелері, БАҚ өкілдері қатысты.

Шараны Ш.Ибдірахманов ашып, қоғамдық тыӊдау мақсатымен таныстырды.

Күн тәртібі бойынша аймақтағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмыспен қамту мәселесі бойынша атқарылған жұмыстар және оған мемлекеттен қаралған әлеуметтік бағдарламалар туралы А.Ибраева толық есеп берсе, М.Жұмаділлаев Қызылорда облысы бойынша жұмыспен қамтылған мүмкіндігі шектеулі азаматтар жайында хабарлама оқыды.

Шарада үкіметтік емес ұйым басшылары тұшымды ұсыныстарын айтып, пікірлерімен бөлісті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны