07.06.2017, 16:19 4150

Қызылорда облысында мұрағаттағы құжаттаманы басқару тақырыбы бойынша семинар өтті

Семинар барасында 2014 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрініӊ №144 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудыӊ және құжаттаманы басқарудыӊ үлгілік қағидалары" негізінде құжаттама жасаудыӊ және құжаттаманы басқарудағы мәселелер талқыланды.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Архив шегіндегі құжаттарды топтастыру қоғам өмірінде үлкен қызмет атқарады. Іс қағаздарыныӊ саяси, тарихи, құқықтық, экономикалық маӊызы өте зор. Мемлекет, республика, қала, кәсіпорын, ұйым, мекеме тарихын жазғанда іс қағаздары ақпараттық табылмас қайнар көзі бола алады. Архив фактілерді, оқиғаларды, қоғам өмірініӊ құбылыстарын дәлелдейтін айғақ қызметін де атқарады.

Осыған байланысты "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕ АҚ Қызылорда облысы бойынша филиалы - "Халыққа қызмет көрсету орталығы" департаментінде ҚР Ұлттық архив қорын қалыптастыру, архив қорын ведомстволық сақтауды ұйымдастыру бөлімініӊ басшысы Айгүл Алпысбаева, Қызылорда облысы мемлекеттік архивініӊ сарапшысы Бақтыгүл Қосжанова және Қызылорда облысы мемлекеттік архивініӊ архивисті Гүлзада Баймұқанованыӊ қатысуымен семинар болып өтті.

Семинар барасында 2014 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрініӊ №144 бұйрығымен бекітілген "Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудыӊ және құжаттаманы басқарудыӊ үлгілік қағидалары" негізінде құжаттама жасаудыӊ және құжаттаманы басқарудағы мәселелер талқыланды. Семинар соӊы департамент мамандары тарапынан қойылған сұрақтарға орай пікіралмасуға ойысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны