27.06.2013, 12:03 2799

Қызылорда облысында өгей әкесін ұрып өлтірген жігітке үкім шығарылды

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанжал үстінде өгей әкесін ұрып өлтірген жігіттің ісін қарап, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

Қызылорда. 27-маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында өгей әкесін ұрып өлтірген жігітке үкім шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қызылорда облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты жанжал үстінде өгей әкесін ұрып өлтірген жігіттің ісін қарап, оны 9 жылға бас бостандығынан айырды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметінен хабарлады.

"Қызылорда облысының тұрғыны 26 жастағы жігіт жанжал үстінде өгей әкесін ұрып өлтіріп, денесін қоқыстармен көміп, оқиға болған жерден бой тасалаған. Түс мезгілінде үйінен шығып келе жатқан Р., су арнасын жағалап келе жатқан, ішімдік ішіп алған өгей әкесін көріп, сөзге келіп қалады. Ұрыс барысында өгей әкесі мұны балағаттап, жұдырық жұмсайды", - делінген хабарламада.

Онымен қоймай тепкілеп тастайды. Осы кезде ашуға булыққан Р. жерде жатқан ағаш тақтайды алып, өгей әкесінің басынан бірнеше рет соққан. Соның салдарынан жәбірленуші оқиға орнында қаза болады. Ал ол қылмысын жасыру мақсатында жәбірленушінің денесін қоқыстармен көміп тастап, оқиға болған жерден бой тасалайды.

Арада екі күн өткен соң Р. туған-туыстарына болған жағдайдың барлығын айтып береді. Мұнан соң сотталушы өз еркімен телефон арқылы полицияға хабарласады.

Сотта Р. кінәсін жартылай мойындап, қасақана өлтірмегенін айтып, кешірім сұрады.Бұған дейін де өгей әкенің үнемі айқай-шу шығаратынын, әркез мас болған уақытта үйіндегі мылтығымен атамын деп бәрін қорқытатынын жеткізді.

Қызылорда облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты сотталушының полицияға өзі берілгендігін және бұрын сотты болмағанын, жанұя жағдайын жаза тағайындау барысында ескеріп, оны Қазақстан Республикасы ҚК-нің 96-бабы 1-бөлігімен (кiсi өлтiру) кінәлі деп танып, 9 жылға бас бостандығынан айырды. Сотталушы жазасын түзеу колониясының қатаң режімде өтейтін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны