16.03.2017, 17:36 7521

Қызылорда облысында "Open Kyzylorda" жобасы іске қосылады

Жоба дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды. Жобаны үйлестіруші қалалық ішкі саясат бөлімінде арнайы маман бекітілді.

Қызылорда. 16 наурыз. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Open Kyzylorda" жобасы іске қосылады.

Өздеріӊіз білесіздер қазіргі таӊда әлеуметтік желілердіӊ маӊызы зор. Көптеген мәселелер әлеуметтік желілер арқылы көтеріліп, аймағымыздағы қоғамдық-саяси ахуалға ықпалын да тигізуде.

Илеуметтік желілерде қаланыӊ тыныс тіршілігіне, тұрғындардыӊ тұрмысына қатысты мәселелерді тез әрі сапалы шешу мақсатында бүгін сіздерге "Open Kyzylorda", "Ашық Қызылорда" жобасы іске қосылады.

"OPEN KYZYLORDA" жобасына күнделікті барлық тұрғын пайдаланатын Whatsapp месенджері қолданылады. Себебі, Өздеріӊіз байқағандай көптеген мәселелер тұрғындардыӊ арыз-шағымы ретінде тіркелгенімен, тұрғындардыӊ басым бөлігі өз қалаға қатысты мәселелерді әлеуметтік желілерде қалдырғанды жөн санайды. Ирине, барлық желіні шолып шығу мүмкін емес. Сондықтан, тұрғындардыӊ ұсыныстарын біріздендіру мақсатында осы жобаны жүзеге асыруды жөн көрдік.

Мессенджер арқылы жолданған әрбір хабарламаныӊ маӊыздылығы мен мәселесі бойынша категорияға бөлінеді және әрі қарай мәселені шешу механизмі іске қосылады.

Шұғыл хабарламалар: ауыз су және кәріз жүйесініӊ істен шығуы, жылу жүйелеріндегі ақаулар, электр желілеріндегі ақаулар мен апаттар, өрт, жол-көлік, төтенше жағдай оқиғалары, қаладағы көрнекі ақпарат құралдарыныӊ немесе жол белгілерініӊ, люк қақпақтарыныӊ ашықтығы, мемлекеттік рәміздердіӊ жыртылуы т.б., және ақпараттық хабарламалар: еӊбек даулары, жалақы қарыздары, жол сапасы, жолаушылар тасымалы, жолдыӊ жабықтығы, қоқыс жәшіктерініӊ уақтылы тазармауы, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардыӊ қызметі, азаматтарды қабылдау мәселелері бойынша кеӊес алу т.б.

Шұғыл хабарламаларға шаралар қабылдау үшін тиісті мемлекеттік органдардыӊ қарауына жолданып, бұл хабарламалардыӊ орындалу нәтижесі сол күні немесе 3 күн ішінде атқарылған шаралар туралы арнайы ашылған "OPEN_KYZYLORDA" инстаграмм парақшасына жауап беріледі.

Ұсыныс (мемлекеттік органдардыӊ қызметініӊ тиімділігін арттыру, қаланы абаттандыру, көркейту т.б) мазмұнындағы хабарламаларға егер ол қабылданған жағдайда жоғарыда аталған парақшаға атқарылған жұмыстар туралы ақпарат салынады.

Мазмұны ұқсас немесе қайталанған хабарламалар арнайы әзірленген скриншоттар арқылы жауап беріледі. Whatsapp месенджері kcell байланыс операторыныӊ 8 702 887 11 11 нөмеріне жүктелген. Ирбір хабарламаға ұзақ сөздер емес, тек қана "ОК" белгісі жіберіледі. Бұл белгі сіздіӊ хабарламаӊыз назарға алынғандығын және әрі қарай тиісті сала арқылы жұмыс жасалатындығын білдіреді.

Жіберілген хабарламалар қалалық ішкі саясат бөліміне түседі, әрі қарай мазмұнына байланысты тиісті органдарға жолданады.

Оны біз мына бағыттарға топтастырдық.

"Салалық бөлімдер" - қай салада мәселе көтерілсе, сол сала бойынша айналысатын тікелей бөлімдерге жолданады.

"Кент, ауылдық округ әкімдері" - Өздеріӊізге белгілі Қызылорда қаласына қарасты 7 ауылдық округ және 2 кент бар. Біздіӊ аймағымызғы ауылдық округтер мен кенттерге қатысты мәселелелер әкімдеріне жолданатын болады.

"Арнайы қызметтер" - "Тұрғын үй Қызылорда" ЖШС, "Қызылорда тазалығы" ЖШС, "Қызылорда Су жүйесі" МКК, "Қызылорда сыр суы" ЖШС, "Қызылорда су шаруашылығы" МКК, "Қызылорда жылу электр орталығы" МКК, қалалық электр тарату орталығы секілді арнайы қызметпен айналысатын мекемелерге жіберіледі.

Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасына құқықбұзушылық, бұзақылық, жол көлік оқиғасы орын алғанда жолданады.

Төтенше жағдайлар бойынша Өздеріӊізге белгілі төтенше жағдай сипатындағы шұғыл хабарламалар жіберіледі.

Бұл жоба қала тұрғындарымен қоғамдық байланысты арттыру мақсатындағы биресми болғандықтан, Ирбір тұрғынға Whatsapp месенджерінде жеке жауап беруге мүмкін болмайды (лента толып кетуі мүмкін). Мүмкіндігінше барлық қалдырылған хабарламаларға сәйкес атқарылған жұмыстардыӊ нәтижесі арнайы ашылған инстаграмм желісіндегі "Open Kyzylorda" парақшасында жарияланатын болады.

Жоба дүйсенбі-жұма күндері аралығында сағат 09.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс жасайды.

Жобаны үйлестіруші қалалық ішкі саясат бөлімінде арнайы маман бекітілді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны