07.06.2017, 16:05 4034

Қызылорда облысында өрт сөндіру гидранттарыныӊ жағдайы тексерілді

Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша 4225 өрт гидранты және 136 су қоймасы тіркелген. Оныӊ ішінде 843 өрт гидранты және 28 су қоймасы әр түрлі себептермен пайдалануға жарамсыз.

Қызылорда. 7 маусым. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жыл басынан бері 227 өрт оқиғасы орын алды. Өрт оқиғасы орын алғанда алғашқы өрт сөндіру құралы су болғандықтан, өрт гидранттарыныӊ жағдайы жарамды болғаны маӊызды. Қазіргі уақытта Қызылорда облысы бойынша 4225 өрт гидранты және 136 су қоймасы тіркелген. Оныӊ ішінде 843 өрт гидранты және 28 су қоймасы әр түрлі себептермен пайдалануға жарамсыз.

Өрт сөндіру гидранты - өрт сөндіруге арналған су құбырыныӊ жүйесіне орнатылған су бөлетін мұнара. Өрт сөндіру гидрантыныӊ жер үстіндегі және жер астындағы түрі бар. Олардыӊ жағдайы - елді мекендерді өрттен қорғау саласындағы еӊ салмақты іс-шаралардыӊ бірі болып табылады.

Алтыншы маусым күні Қызылорда облысы ТЖД мамандары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен біріге отырып, "Өрт сөндіру гидранты" рейдін өткізді. Рейд нәтижесінде көше бойындағы гидранттыӊ жақсы жағдайда екендігі анықталды. Алайда, арнайы қақпағы жоқ, қоқысқа толып қалған гидранттар да кездесті, кейбір өрт сөндіру гидранты тіптен асфальтталып тасталған болып шықты.

Сонымен қатар, тұрғындарға өрт сөндіру гидранттарына қоқыс қалдықтарын тастауға, лас суларды төгуге қатаӊ тыйым салынатынын ескерте кеткіміз келеді,- деп хабарлайды Айгүл Нұрманова, Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобыныӊ бас маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны