23.05.2017, 14:43 4125

Қызылорда облысында отбасылық спорттық сайыс өткізілді

Қызылорда облысында Халықаралық отбасы күніне орай қалалық демалыс паркінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігі және "Жастар ресурстық орталығыныӊ" ұйымдастыруымен "Біз отбасымызбен біргеміз!" атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді.

Қызылорда. 23 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында Халықаралық отбасы күніне орай қалалық демалыс паркінде облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы, "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігі және "Жастар ресурстық орталығыныӊ" ұйымдастыруымен "Біз отбасымызбен біргеміз!" атты отбасылық спорттық сайыс өткізілді.

Байқауға 6 отбасы қатысып, бақтарын сынады. Бес кезеӊнен тұрған сайыста I орынды Иділовтер, II орынды Бостановтар, III орынды Сартаевтар отбасы иеленді. Барлық қатысушыларға алғыс хаттар мен ынталандыру сыйлықтары табысталды.

Сайыста "Өркениетті Қазақстан" қоғамдық бірлестігініӊ президенті Р. Жаппарбергенов пен "Жастар ресурстық орталығы" КММ директоры Ж.Алдабергенов қатысушыларды халықаралық отбасы күнімен құттықтады және жеӊімпаздар мен жүлдегерлерді арнайы дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны