08.12.2006, 18:22 3281

Қызылорда облысында өткен қайырымдылық шарасы барысында 41 млн.теңгеден астам қаражат жиналды

ҚЫЗЫЛОРДА. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Қызылорда облысында "Менің елім-менің тірегім" ұранымен өткен қайырымдылық шара аясында 41 млн. теңгеден астам қаражат жиналды, бұл қаражат тұрмысы төмен отбасыларға, көп балалы отбасыларға, жалғыз басты және қарттар мен мүгедек жандарға көмек ретінде беріледі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қайырымдылық айлығы Арал өңірінде осымен үшінші мәрте өткізілді. "Егер бірінші жылы 3 мыңнан астам отбасына 19 млн. теңге көлемінде көмек көрсетілсе, енді ерікті мекемелер, ұйымдар мен жеке тұлғалардан 41 млн.290 мың теңге жиналды",-деп хабарлады халықты еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар облыстық департаментінің өкілдері.

Департамент директоры Майдан Мәселееваның айтуынша, айлық кезінде 5 мыңнан астам адам көмек сұрап келген. Барлық өтініштерді қоғамдық қамқорлық кеңесі мұқият қарап шықты.

Облыс бойынша 4756 отбасына 22 млн. 976 мың теңгеге көмек көрсетілді. Атап айтқанда , 357 тұрмысы төмен отбасына азық түлік берілді, 130 отбасына көмір түсірілді. "Кей отбастарына коммуналдық қызметтерінің қарыздарын өтеп бердік",-деп атап өтті М.Мәселеева. Сонымен қатар, шара аясында жағдайы жоқ отбастарына ақысыз заңдық көмек көрсетілді.

"Менің елім-менің тірегім"қайырымдылық шарасы аяқталған жоқ. Қалған қаражат жағдайы жоқ азаматтарға қолдау көрсету жөніндегі аймақтық қорға салынады",-деді еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар жөніндегі облыстық департаментінің диреткоры.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны