26.05.2017, 16:20 5608

Қызылорда облысында рамазан айында тегін такси қызмет көрсететін болады

Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті айда бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізілетін болады. Рамазан айыныӊ алғашқы күнінде халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы баннерлер ілінген тегін такси қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 28 мамыр күні аймақ өнерпаздарымен бірге Жарапазан айтылып, құрма тегін таратылады.

Қызылорда. 26 мамыр. Kazakhstan Today - Биыл мұсылмандар үшін қасиетті саналатын Рамазан айыныӊ басталуы 27 мамырға сәйкес келмек.

Осы ретте ҚМДБ-ныӊ Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық "Ақмешіт-Сырдария" мешітініӊ бас имамы Талғат Омаров Өӊірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте қасиетті айда өткізілетін іс-шараларға тоқталып өтті.

"Биылғы жылы Рамазан айы 29 күнге созылады. Осы қасиетті айда бірқатар қайырымдылық іс-шаралар өткізілетін болады. Рамазан айыныӊ алғашқы күнінде халық көп шоғырланатын жерлерде арнайы баннерлер ілінген тегін такси қызмет көрсетіледі. Сонымен қатар, 28 мамыр күні аймақ өнерпаздарымен бірге Жарапазан айтылып, құрма тегін таратылады. Мұнан өзге кәсіпкерлер мен мешіт жамағаттарын тарту арқылы аймақтағы 700 тұрмысы төмен отбасыларға қайырымдылық көмек көрсетіледі" - деді Талғат Омаров.

Жылдағы дәстүрге сәйкес биылғы Рамазан айында да аймақ мешіттерінде тауарих намазы оқылып, тегін ауыз ашар беріледі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны