20.04.2017, 14:48 5106

Қызылорда облысында республикалық ақпараттық топ мүшелері МИМС жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді

Үстіміздегі жылдыӊ 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілетіні белгілі. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген.

Қызылорда. 20 сәуір. Kazakhstan Today - Үстіміздегі жылдыӊ 1 шілдесінен бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі қолданысқа енгізілетіні белгілі. Бұл жүйеніӊ тиімділігі әлемдік тәжірибе арқылы дәлелденген. Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысушыларға кеӊ ауқымдағы медициналық қызметтер ұсынылып, оған халықтыӊ әлеуметтік әлсіз топтарыныӊ қатысуына мемлекеттік қолдау көрсетіледі.

Осыған байланысты Шиеліде ақпаратты-түсіндіру тобы өкілдерініӊ қатысуымен арнайы жиын өткізілді. Жиынға А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығыныӊ басқарма төрағасы, медицина ғылымдарыныӊ докторы, профессор Болатбек Баймаханов, ҚР Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ басшысы Бақыт Исмаханбетов және облыстық медицина орталығыныӊ директоры Сәбит Пазылов қатысты.

Аудан әкімі Қ.Сәрсенбаев аудан бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін тұрғындар арасында ақпараттық түсіндірме бағытында атқарылып жатқан жұмыстар барысын айтып өтті. Сондай-ақ, республикалық ақпараттық топ мүшелері міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны