15.06.2017, 14:11 3584

Қызылорда облысында РФ Белгород облысынан келген делегация мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаӊашылдық жайлы шеберлік кластарын өткізді

Қызылорда облысында да осыған орай пилоттық жоба ретінде өӊірлік деӊгейдегі Жобалық кеӊсесін құру бағытында жұмыстар басталуда.

Қызылорда. 15 маусым. Kazakhstan Today - Қызылордада РФ Белгород облысынан келген мамандар жобалық басқару тәжірибесі жайлы шеберлік кластарын өткізді.

Жобалық басқару әзірше Қызылордалықтар үшін таӊсық бастама. Бірақ мемлекеттік басқарудыӊ ілгерілетілген жаӊа модельдерін қалыптастыруды көздп отырған еліміз үшін өте тиімді. Мысалы, көршіміз Ресей Федерациясында да бұл бағытта біршама жұмыстар жүзеге асырылуда.

Жобалық менежмент 2014 жылы Сочи олимпиадасын өткізу кезінде табысты жүзеге асырылған. Онда 11 орталық жобалық кеӊсе, 20 атқарымдық жобалық кеӊсе құрылып, онда жұмыс істейтін 600 адам оқып, үйретілді. Ал бұл модель сол кездіӊ өзінде табысты жұмыс істеп тұрған Белгород облысыныӊ жобалық басқару жүйесініӊ толықтай көшірмесі еді. Олимпиаданыӊ сәтті ұйымдастырылғаны туралы әлемдік қауымдастық өз бағасын берді. Сол уақытта Ресей Үкіметі тиімді басқарудыӊ құралы бола алатын осы менежмент түріне назар аударған болатын.

Қызылордаға тәжірибе бөлісуге келген мамандардыӊ айтуынша Белгород облысы Ресей Федерациясында жобалық басқаруды алғаш енгізген өӊір болып есептеледі. Облыс губернаторы Евгений Савченко осыдан жеті жыл бұрын басшылыққа келгеннен бері облыс өнеркәсібі өнімдері 1,5 есеге, ауылшаруашылық саласы өнімдері 1,8 есеге өсті. 1,5 млн халқы бар облыс 15 млн халықты азық-түлікпен қамтамасыз етіп отыр. Облыс жалпы ішкі өнім көрсеткіші бойынша елде екінші орында келеді. Өӊірде жақсы инвестициялық ахуал қалыптасқан, жалпы құны 100 млрд рубльден 50 шақты жоба жүзеге асырылуда. Аталған облыс аумағында Ресейдегі еӊ ірі Лебединск тау-кен байыту комбинаты құрылысы аяқталу үстінде. Ондағылар мұндай нәтижелі істерге қол жеткізуге жобалық басқаруды енгізудіӊ тікелей әсері болды деп есептейді. Бүгінгі таӊда Белгород облысыныӊ барлық аудандары мен департаменттерінде Жобалық кеӊселер жұмыс істейді.

Қызылорда облысында да осыған орай пилоттық жоба ретінде өӊірлік деӊгейдегі Жобалық кеӊсесін құру бағытында жұмыстар басталуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны