12.10.2018, 22:32 7030

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында балалар ақынымен кездесу өткізілді

"Туған жерге тағзым" кіші бағдарламасы және Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ құрылғанына 90 жыл толуына орай балалар ақыны, педагогика ғылымдарыныӊ докторы, профессор Рахат Наурызбаевамен "Ақын - елдіӊ ардағы" атты кездесу кеші өткізілді.

Қызылорда. 12 қазан. Kazakhstan Today - Ғани Мұратбаевтыӊ мемориалдық музейініӊ ұйымдастыруымен музейде Қазақстан Республикасыныӊ Президенті Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты бағдарламалық мақаласы аясында "Туған жерге тағзым" кіші бағдарламасы және Қызылорда облысы Қазалы ауданыныӊ құрылғанына 90 жыл толуына орай балалар ақыны, педагогика ғылымдарыныӊ докторы, профессор Рахат Наурызбаевамен "Ақын - елдіӊ ардағы" атты кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешін музей директоры Роза Асанова ашып, Рахат Наурызбаеваныӊ туысы Ботабай Рыстығұлов пен шығармашылықтағы әріптесі "Алаш" сыйлығыныӊ лауреаты, Шиелі ауданыныӊ құрметті азаматы Қатира Жаленова, музей жанындағы "Өнеге" бірлестігініӊ мүшесі Кәрім Баймұратов өз лебіздерін білдірді.

Сондай-ақ, шара барысында музей жанындағы "Жас ғанитанушылар" үйірмесініӊ мүшелері Рахат Наурызбаеваныӊ шығармашылығындағы өлеӊдерін оқып, Рахат апайдыӊ шығармашылығы туралы әӊгіме өрбіді.

Шара соӊында ақын туған жеріне тағзым етіп келіп отырған кездесу кешіне қатысқан қонақтарға ыстық лебізін білдіріп, шығармашылығындағы кітаптарын шара қонақтарына табыс етті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны