26.09.2018, 15:59 5204

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы аясында мемлекеттік қызметшілердіӊ санасын өзгерту қолға алынады

Жыл басынан бері кіші бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдарда жауапты қызметкерлер бекітіліп, галстуксыз бейресми кездесулер өтуде.

Қызылорда. 26 қыркүйек. Kazakhstan Today - Мемлекеттік басқару академиясыныӊ облыстық филиалында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ Қызылорда облысы бойынша департаментініӊ ұйымдастыруымен мемлекеттік қызметшілер арасында "Өзгерістерді өзіӊнен баста!" тақырыбында кездесулер өткізілуде.

Кездесулер барысында Департаменттіӊ бас маманы Анар Сәлімжан "Рухани жаӊғыру" бағдарламасынан туындайтын "Өзгерістерді өзіӊнен баста" кіші бағдарламасыныӊ мақсаты - мемлекеттік қызметшілердіӊ өздерініӊ жүріс-тұрыс моделін өзгерту арқылы мемлекеттік органдардыӊ мәдени ұйымдастырушылығын жетілдіру болып табылатындығын назарларына жеткізуде.

Жыл басынан бері кіші бағдарламада айқындалған мақсаттар мен міндеттерді нәтижелі жүзеге асыру үшін облыстағы барлық мемлекеттік органдарда жауапты қызметкерлер бекітіліп, галстуксыз бейресми кездесулер өтуде. Кездесулерде нақты реформаларды сезіну үшін әрбір қызметкер жұмыс барысында туындайтын мәселелерді ұжыммен талқылауға ынталандырылуда.

"Сіздерді өз тараптарыӊыздан өздеріӊіз басқарып немесе қызмет атқарып отырған мемлекеттік органдарыӊызда өзгерістер идеясын белсенді насихаттауға, өздеріӊіз ұсынған Жобалық менеджерлерге қолдау көрсетіп, идеяларыӊызбен бөлісіп және "Өзгерістерді өзіӊнен баста" кіші бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді қатысуға шақырамын" - деді А. Сәлімжан.

Алдағы уақытта "Өзгерістерді өзіӊнен баста" кіші бағдарламасы бойынша жұмыстар ары қарай мемлекеттік органдарда өз жалғасын табатын болады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны