08.10.2018, 18:57 4026

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы жаӊа мазмұнда жүзеге асады

"Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауы бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі дамытуды көздейді. Осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Жол картасы-2020", "Рухани жаӊғыру", "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" және т.б. мемлекеттік бағдарламалар аз уақыттыӊ ішінде өз нәтижесін берді. Ендігі міндет - табысты елге айналу",- деді ол.

Қызылорда. 8 қазан. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасы жаӊа мазмұнда жүзеге асады, деп жазады облыстық "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ бөлім басшысы Гүлмира Ишірбекова.

"Елбасы Н.И.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына дәстүрлі жолдауы бұған дейінгі мемлекеттік бағдарламаларды одан әрі дамытуды көздейді. Осы уақытқа дейінгі жүзеге асырылған "Нұрлы жол", "Нұрлы жер", "Жол картасы-2020", "Рухани жаӊғыру", "Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамасы" және т.б. мемлекеттік бағдарламалар аз уақыттыӊ ішінде өз нәтижесін берді. Ендігі міндет - табысты елге айналу",- деді ол.

"Рухани жаӊғыру" бағдарламасы еӊ алдымен қоғамдық сананыӊ өзгерісіне бағытталған. Өз Отанын, туған жерін дамытуға жанашырлықпен үлес қосатын азаматтардыӊ қатарын көбейту - біздіӊ басты мақсатымыз. Бүгінгі жолдауда елімізді дамытудыӊ барлық салалары бойынша нақты тапсырмалар берілді. Мәселен, Жастар жылы, "Ауыл - ел бесігі", "Өз жеріӊді танып біл", мектептерде әскери-патриоттық тәрбие жұмыстарын дамыту жобалары "Рухани жаӊғыру" бағдарламасыныӊ мақсат-міндеттерімен үндесіп жатыр. Бұл - біз үшін өте құптарлық бастама.

Алдағы уақытта жаӊа жобалар, өзгеше форматтағы шараларды жоспарлауды қолға аламыз. Бұл бағыттағы жұмыстарды қазірден бастап кеттік. Жаӊа ғимаратта орналасқан орталық мазмұнды әрі нәтижелі істердіӊ ұйытқысы болмақ.

"Туған жер", "Тәрбие және білім", "Рухани қазына", "Атамекен" кіші бағдарламалары аясында жастардыӊ бәсекелік қабілетін арттыру, туған жерді түлету, жас ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелеу, ішкі және сыртқы туризмді дамыту, мұғалім мәртебесін көтеруге байланысты жобалар іске асырылып келеді. Келешекте бұл бастамалар нақты жоспар бойынша орындалмақ.

Елбасы жолдауында білім, ғылым, денсаулық сақтау салаларыныӊ қызмет көрсету сапасын жақсарту, кәсіби білікті мамандармен қамтамасыз ету міндеттерін орындауды тапсырды. Мектепке дейінгі білім беру, орта білім беру сапасын жақсарту, ЖОО-ныӊ бітірушілерініӊ жұмысқа орналасуына байланысты көрсеткіштерін айқындау нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.

Кәсіпкерлікті қолдау, аграрлық сектор мен жеӊіл өнеркәсіпті жетілдіру мемлекеттіӊ бәсекелік қабілетін арттырады. Елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалар мен стратегиялық құжаттардыӊ орындалу барысы мен нәтижесіне Ұлттық жаӊғыру офисі мониторинг жасап отырады. Саннан сапаға, сөзден іске көшетін уақыт келді.

Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметкерден бастап әрбір азамат елдіӊ дамуына сапалы қызмет көрсетсе, нағыз табысты мемлекетке айналарымыз сөзсіз, деп қорытты орталық маманы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны