20.09.2017, 16:29 4052

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыратын жобалық кеӊсе ашылды

Қызылорда облыстық Өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы А.Қайруллаев БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда басқарма басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытынды туралы хабарлама жасады.

Қызылорда. 20 қыркүйек. Kazakhstan Today - Бүгін Қызылорда облыстық Өӊірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасыныӊ басшысы А.Қайруллаев БАҚ өкілдеріне арнап баспасөз мәслихатын өткізді. Онда басқарма басшысы жыл басынан бері атқарылған жұмыстар қорытындысы туралы хабарлама жасады.

Брифинг барысында баяндалғандай, басқарма тарапынан аймақтағы қоғамдық, саяси, діни ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында ауқымды істер атқарылып келеді. Мысалы, 2017 жыл басынан бері "Ықтимал әлеуметтік шиеленіс ошақтары картасына" 44 мәселе енгізіліп, I жартыжылдық қорытындысы бойынша оныӊ 12-сі шешімін тапты.

- Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтыӊ Қазақстан халқына Жолдауыныӊ негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында 129 адамнан жасақталған 9 ақпараттық-насихаттық топ құрылып, олар жыл басынан бері 1435 шараға қатысты, соныӊ нәтижесінде 140 мыӊнан аса облыс тұрғындары ақпарат алды. Үстіміздегі жылы облыста мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы үкіметтік емес ұйымдардыӊ 153 әлеуметтік жобасы жүзеге асырылуда. Қоғамдық кеӊес қызметініӊ ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық-консультациялық орталық ашылды. Бұл орталықта тұрғындарды толғандырған мәселелер тыӊдалып, талданып, тиісті шаралар жасалуда, - дейді басқарма басшысы.

Сондай-ақ, 2017 жылға арналған қоғамдық-саяси маӊызды шаралардыӊ күнтізбелік жоспарына сәйкес басқарманыӊ ұйымдастыруымен Алашорда қозғалысыныӊ 100 жылдығына арналған "Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан" халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті, қаланыӊ көрікті жерінен қоғам және мемлекет қайраткері М.Шоқайға ескерткіш ашылды, "Тарихтан тағылым - өткенге тағзым" атты халықаралық форумы және Семей полигоныныӊ жабылуына 26 жыл толуына орай облыстық конференциясы өтті.

- Қазіргі таӊда, Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласында көрсетілген мақсат-міндеттер жүйелі жүзеге асуда. Басқарма жанынан "Рухани жаӊғыру" бағдарламасын жүзеге асыратын жобалық кеӊсе ашылып, бірқатар жобалар мен ақпараттық жұмыстар табысты жүзеге асуда. Ирі бұл бағыттағы жұмыстар ары қарай жалғасатын болады" - деп түйіндеді басқарма басшысы.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны