11.09.2018, 22:44 5217

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" орталығы төрт бөлім бойынша жұмыс жасауда

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" орталығы - "Тәрбие және білім", "Атамекен", "Рухани қазына", "Ақпарат толқыны" сынды төрт бөлім бойынша жұмыс жасауда

Қызылорда. 11 қыркүйек. Kazakhstan Today - Елбасы Н.Назарбаевтыӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру" орталығы - "Тәрбие және білім", "Атамекен", "Рухани қазына", "Ақпарат толқыны" сынды төрт бөлім бойынша жұмыс жасауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today kyzylorda-news.kz порталына сілтеме жасап.

Интернет басылым бүгінге дейін бірнеше жоба мен кеӊ көлемді іс-шаралар ұйымдастырған "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ директоры Нұрлыбек Кәрібозұлымен сұхбатты жариялады:

- Нұрлыбек Кәрібозұлы, "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ мақсаты қандай?

- Орталық 2017 жылдыӊ 14 желтоқсаны күні ашылды. Аты айтып тұрғандай еліміздіӊ рухани жаӊғыруы бағытында жұмыс істейді. Біздіӊ мақсат - өскелеӊ ұрпақтыӊ санасы мен көкірек көзін рухани қазынамен байыту. Осыған сәйкес төрт бөлім құрылған. Бір айта кетерлігі, бұндай орталық тек қана Қызылорда облысында бар.

Тәрбие мен білімге байланысты 2018 жылдыӊ қаӊтар айынан бастап маусым айына дейін бағдарлама аясында облыстық білім басқармасымен бірлесіп 25 ірі көлемді шара ұйымдастырылды. Қызылорда қаласындағы С.Сейфуллин атындағы №4 мектепте және Е.Н.Иуелбеков атындағы №4 дарынды балаларға арналған мектеп-интернатта семинар-тренингтер өткізілді. Нәтижесінде сол мектепте "Шаӊырақ" жобасы арқылы "Ұстаз - өзгерістер елшісі", "Сөз - тілдіӊ көркі", "Дарынды ұрпақ - ел болашағы" "Өрле, Қазақстан", "Салауатты ұрпақ" сынды кіші жобалар сәтті жүзеге асырылуда.

"100 жаӊа есім" жобасы аясында "Уақыт. Тұлға және бүгінгі бәсекелестік" атты тарихи-танымдық шарасы өткізілді. Оған әр аудандардан мектеп пен колледж оқушыларыныӊ бірнеше командасы 34 ғылыми жоба дайындап, көпшілік назарына ұсынды. Тәрбие тетігі мұғалімдер екенін ескеріп, Арал ауданында "Теӊіз тағдырын толғаған туынды" атты И.Нұрпейісовтіӊ "Соӊғы парыз" романы бойынша облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында дебат, Жаӊақорған ауданында "Ғашықтық жырлардағы ұлттық құндылықтар" тақырыбында мектеп мұғалімдері арасында облыстық байқауын өткіздік.

Кітап оқудан да алшақтамағанымыз абзал. Француз ағартушыларыныӊ бірі Д.Дидроныӊ "адамдар кітап оқуды тоғарса, ойлануды да тоғарады" дегені бар. Осы ретте И.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап кітапханасында "Kitap Fest фестивалі - 2018" ұйымдастырдық және бұл бағыттағы жұмыстарды белсенді түрде жалғастырып келеміз. Себебі, қазіргі интернет пен одан ақпарат алу үшін пайдаланып жүрген түрлі гаджеттер қажетті ақпарат алудыӊ көзі болып саналғанмен, білімніӊ басты бұлақ көзі кітаптыӊ орнын алмастыра алмайды деген пікірдеміз.

Сондай-ақ, "Жаӊа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" арнайы жобасы аясында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті ғалымдарыныӊ қатысуымен "Илемдік білім кеӊістігіндегі жаӊа оқулықтар маӊызы" атты облыстық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. "Жаӊа гуманитардық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаӊа оқулық" жобасы аясында ана тілімізге аударылған 18 оқулық қазір қолымызға тиді. Озық оқулықтарда айтылған ой-тұжырымдарды алдымен өзіміз түсініп алуымыз қажет.

Республика бойынша "100 жаӊа есімге" енген жерлестерімізді насихаттау да баршамызға ортақ міндет. Өткен жылы бұл тізімге облыстан 4 азамат енгені белгілі. Олар - дәрігер Б.Баймаханов, тоғызқұмалақшы қызымыз И.Далиева, ауылшаруашылығы ғылымдарыныӊ докторы А.Подольских және продюссер-С.Ибдірахманова.

Осы жобаныӊ жеӊімпазы Сымбат Ибдірахманованыӊ "Сиқырлы кілт" мультфильмін мектеп оқушылары арасында кеӊінен насихаттау үшін аймақтағы жазғы лагерьлерге өлкетану туры ұйымдастырылып, 7000-ға жуық тынығушы бала аталған кино туындыны тамашалады. Қазіргі таӊда бұл фильм облыстық "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасынан көрсетілуде.

Балалар алдымен отандық өнімдерден тәлім алып жетілуі тиіс. Шетелдіӊ өнері мен әдебиетін, мәдениеті мен тілдерін уақытында игеріп үлгіреді. Бірінші кезекте, жеткіншектеріміздіӊ ұлтымыздыӊ рухани мұраларымен сусындағаны өте маӊызды деп санаймыз және осы бағыттан таймай нақты педагогикалық жұмыстармен шұғылданып келеміз. Бұған облыстық білім басқармасы, Қорқыт ата атындағы ҚМУ ғалымдары белсенді қолдау білдіріп отырғанын ризашылық сезіммен атап өткен орынды.

Сонымен бірге республикалық "Өлкетану" акциясы аясында Қызылордадан 70 оқушы Ақмола облысындағы Бурабай қаласына экскурсияға барып қайтты. Сондай-ақ, ақмолалық өрендер біздіӊ облысымызға келіп, Сыр өӊіріндегі киелі орындарды аралап, "Қазақстанныӊ киелі жерлерініӊ картасына" енген орындармен танысты.

- "Рухани қазына" бөлімі аясында облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасымен бірлесе отырып, 52 ірі көлемді шара ұйымдастырылған екен...

- Иә, "Рухани қазына" бөлімініӊ бастамасымен тұӊғыш рет қалалық мектептер арасында "Асық ату" ойынынан сайыс өткізіліп, №235 мектепте асық ату үйірмесі ашылды. Қазір бұл ойын түрі кеӊ таралуда. Маӊыздысы, асық ойыны баланыӊ тыныс алу аппаратын тез жетілдіреді, оныӊ көру қабілетін күшейтеді, бұлшық еттері мен буындарыныӊ қалыпты дамуына оӊ ықпал етеді және зеректік пен аӊғарымпаздылыққа жетелейді. Бабаларымыз осы тәрбие дағдысын ертеден-ақ білген. Біз осы игі дәстүрді тек жаӊғыртып жатырмыз.

Сондай-ақ оқушыларды аймағымыздыӊ киелі жерлерімен таныстыру мақсатында облыстық жастар саясаты басқармасымен бірлесе отыра "Тарих толқынында" тарихи-танымдық саяхатын ұйымдастырдық. Оқушылар Қармақшы ауданындағы Жетіасар мәдениетініӊ ескерткішінде, қазба жұмыстары жүріп жатқан Сортөбе, Жанкент қалашықтары, Қорқыт ата мемориалды кешенінде болды. Сонымен бірге Арал, Қазалы, Жалағаш, Сырдария, Шиелі және Жаӊақорған аудандарына барды. Бұны оқушылар арасында ішкі туризмді дамытудыӊ нақты іске асқан алғашқы қадамы десе де болады. Олар мектеп қабырғасында жүріп өлкеміздегі киелі нысандарды естіп қана қоймай, көзбен көріп-білгені, танығаны абзал. Танымдық саяхаттардыӊ сонда ғана Рухтыӊ күшеюіне әсері мол болады деген ойдамыз.

Бұған қоса, облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құжаттар, кітаптар мен жазбалардыӊ негізінде "Латын әліпбиінде сақталған мұралар" атты көрме өткізіліп, телехабар жүргізілді. Оған жарты ғасырдай музей қорында жинақталған түрлі салаларда қызмет атқарған еӊбек ардагерлерініӊ латын әліпбиінде жазылған құжаттары қойылды.

Осындай рухани-мәдени және тәрбиелік маӊызды шараларды атқаруға "Сыр-медиа" ЖШС, облыстық ішкі саясат, облыстық білім және мәдениет, архивтер және құжаттама басқармадары мен "Қазақстан-Қызылорда" телеарнасы мамандарыныӊ мол үлес қосып, елеулі еӊбек жасағанын атап айтқым келеді.

"1 шілде - Ұлттық домбыра күні" Сырдария өзенініӊ сол жағалауында жыршы, күйшілер мен облыс жастарыныӊ қатысуымен "Бабамыздыӊ үні сенсіӊ - домбыра" кешін ұйымдастырдық. Танымдық шараға арнайы түсірілім жасалып, хабар облыстық телеарнадан көрсетілді.

- "Атамекен" бөлімі бойынша атқарылған істерде қандай жобалар қамтылды?

- "Атамекен" кіші бағдарламасы аясында 30 ірі көлемді шара өткізілді. Атап айтар болсақ, "Туған жерге тағзым", "Жақаев ізбасарлары", "Жастар - рухани жаӊғыру жолында", "Тұлғатану" жобалары, "Ұшқын" қоғамдық бірлестігініӊ мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек беруі, "Домбыра Fest", "Жүрек жылуы" мүмкіндігі шектеулі балалардыӊ облыстық өнер фестивалі өткізілді.

№1 Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-лицейінде шағын "Домбыра оркестрі" құрылды. Биылғы жаӊа оқу жылында үзіліс кезінде мектептерде қазақы күйлер ойналып тұрса дейміз, сонда нәтиже болады деген үмітіміз бар. Хакім Абай атамыз "құлақтан кіріп, бойды алар, әсем ән мен тәтті күй" деп бекер толғамаса керек. Күй-құдірет емес пе, балалардыӊ мектеп қабырғасында жүрген кезінен-ақ осы құдірет олардыӊ "бойын алуы" құп.

Осы жылдыӊ ақпан айында "Рухани жаӊғыру" орталығыныӊ бастамасымен демеушілер тауып, облыстық "Ана мен бала" орталығында жаӊа туған 20 сәбиге әрқайсысыныӊ есімдері жазылған 20 домбыра сыйға тартылды. Сәбилерге домбыра сыйлау игі дәстүрге еніп, Ұлттық домбыра күнінде Қазақстанныӊ барлық аймағында жалғасын тапты. Бұдан оқырман хабардар болар.

- Шілде айынан бастап "Жомарт жүрек" республикалық жобасына орай аудан азаматтарын марапаттадыӊыздар...

- Президент әкімшілігініӊ бастамасымен өмірге енген "Жомарт жүрек" жобасы бойынша туған өлкені дамытуға үлес қосқан жанашыр азаматтар, меценаттар, белсенді ерікті жастар, қайырымдылық шараларын тұрақты ұйымдастырған ұжымдар марапатталды. Қазіргі таӊда барлық аудандарда елге көмек жасаған жомарт жүректі азаматтарды марапаттау рәсімі өтті.

Олардыӊ қатарынан еӊ үздіктері 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында өтетін республикалық таӊдауға қатысатын болады. Осы ретте аталған шараныӊ Қазалы ауданында жоғары деӊгейде ұйымдастырылғанын айта кету қажет. Бұл - аудан әкімдігініӊ ардақты азаматтар мен белсенді ұжымдарға, еріктілерге көрсеткен құрметініӊ көрінісі. Мақсат - тек мемлекетке ғана арқа сүйеп қоймай, тұрғындарға аса қажет әлеуметтік нысандарды халықтыӊ өз ішінен шыққан қалталы азаматтардыӊ қаржылай қолдауымен пайдалануға беруге ұйытқы болу.

Бұған қоса, орталықтыӊ бастамасымен мамыр айында "Мектебіме тағзым" акциясын ұйымдастырдық. Нәтижесінде 44 млн. теӊге қаржыға бірнеше мектептерге өз түлектері пәндік кабинеттерді жабдықтап, компьютерлік сыныптар мен ойын алаӊдарын ашып, түрлі спорттық инвентарьларды сыйға тартты. Меценаттық дәстүр дегеніміздіӊ өзі, баламалап айтқанда, бұлақтыӊ қайнары сияқты нәрсе, көзін аша білсе, балалардан ештеӊесін аянбайтын жомарт жандар арамызда өте көп.

- Республикалық "Қазақстанныӊ 100 жаӊа есімі" арнайы жобасыныӊ 4 бірдей жеӊімпазы біздіӊ аймақтан екенін белгілі. Оларды насихаттау бағытында не айтасыз?

- С.Абдрахманованыӊ Қызылорда облысыныӊ 22 мектебінде "Табысқа жеткізген төл құжат" атты пилоттық жобасы бойынша және Сырдария, Шиелі аудандарыныӊ оқушыларымен "Бақыт кілті" атты коуч сабақтары, А.Подольскийдіӊ Н.Ілиясов ауылында агрономдар, күрішшілермен тест-драйв форматында "Күріш өсірудіӊ заманауи технологиясы" атты кездесулері болды. Жоба қатысушыларыныӊ бірі, әлемдік деӊгейдегі спорт шебері М.Вольнованыӊ Қазалы ауданында жастар мен жалпы спортсүйер қауыммен жүздесуі қйымдастырылды. Марина Вольнова рингте жас боксшыларға арнап шеберлік сағаттарын өткізді. Егер осы шеберлік сағаттары арқылы жастарды қызықтыра алсақ, ойдағымыздыӊ орындалғаны.

- Енді алдағы жоспарларыӊызбен бөліссеӊіз...

- Іс-шараларға сандық, сапалық мониторинг жасауды қолға алдық. Социологиялық зерттеу орталықтарымен бірлесіп кері байланысты нығайту мақсатында кешенді зерттеу жүргізу арқылы орталықтыӊ қызметін жүйелендіріп, халықаралық деӊгейге көтеру көзделуде.

Бұл бағытта Ғылыми Сарапшылық Кеӊестіӊ әлеуетін кеӊінен пайдаланатын боламыз. Кеӊес тиісті басқармалар мен аудан әкімдіктерініӊ алдағы жоспарларын сарапқа салып, бекітіп беретін болады. Сонымен қатар, маргинал жастармен жұмысты күшейтіп, оларды қоғамдық ортаға тарту нақты қолға алынбақ. Қазіргі таӊма мұндай жастардыӊ аймағымыздағы сандық үлесі 9,3 пайызды құрап отыр. Бұл өте күрделі және кезек күттірмейтін мәселе.

Сонымен қатар, жастар саясаты мәселелері басқармасымен бірлесе отырып, "Асыл қазына" ұлттық ойындар сайысын, "Жастар жырлайды" атты жас жыраулардыӊ облыстық байқауын, "Жақаев ізбасарлары" облыс жастарыныӊ егістіктегі еӊбек лагерін, "Рухани қазына - ұлт болашағы" атты облыстық ғылыми-танымдық конференциясын, "Жаӊа технологиялар платформасы" атты республикалық IT технологиялар байқауын ұйымдастыру жоспарлануда.

Ал алдағы айларда "Қорқыт ата мұрасы және оғыз-қыпшақ дәуірінде Сыр бойында өмірге келген эпостар" тақырыбында түркі текті халықтардыӊ ғылым және бизнес қауымдастығыныӊ қатысуымен халықаралық симпозиум, "Навои және Абай мұраларыныӊ рухани сабақтастығы" деп аталатын халықаралық ғылыми конференция шақыру бағытында облыс әкімдігініӊ қолдауымен ұйымдастыру жұмыстары жүріп жатыр.

Жоғарыда аталған жұмыстардыӊ барлығы аймақ басшысы алдын-ала бағдарламаны жүзеге асыруға қатысты бекіткен "Жол картасы" және Орталықтыӊ жұмыс жоспары бойынша іске асырылуда. Бүгінгі күні орталықтыӊ тікелей ұйымдастыруымен облыс көлемінде 104 шара өткізілді.

Ирине, басты міндетіміз тек шара ұйымдастыру ғана емес, Елбасы ұсынған бағдарламаны іске асыратын тиісті басқармалардыӊ жұмыстарын үйлестіру және ғылыми (социологиялық, тарихи, фольклорлық, эпиграфикалық-археографикалық т.б.) зерттеулер жүргізу арқылы өӊіріміздіӊ рухани әлеуетін халыққа кеӊінен таныту. Бұл бағытта аймақ басшысыныӊ шақыртуымен елге кеӊінен танымал бірнеше ғалымдар орталыққа шақырылып, жұмыс жасауда. Олардыӊ шығармашылықпен айналысуына қолайлы жағдайлар жасалған. Кешенді зерттеулер нәтижесінде ғалымдарымыз "Сыр-Алаштыӊ анасы", "Қорқыттыӊ даналық сөздері" (қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде) атты тарихи-танымдық кітаптар әзірлеп, баспаға дайындауүстінде.

Алдағы уақытта қоғамдық сананы жаӊғыртуға байланысты ауқымды шаралар жүйелі түрде жалғаса беретін болады. Қазіргі таӊда жұмыс жолға қойылды, атқарылар жауапты істер өте көп.

- Сұхбатыӊызға рахмет!

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны