05.10.2018, 15:25 5862

Қызылорда облысында "Рухани жаӊғыру - тілге тыӊ тыныс" атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

Қызылордада облыстық тілдерді оқыту орталығыныӊ 10 жылдығы аясында "Рухани жаӊғыру - тілге тыӊ тыныс" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.

Қызылорда. 5 қазан. Kazakhstan Today - Қызылордада облыстық тілдерді оқыту орталығыныӊ 10 жылдығы аясында "Рухани жаӊғыру - тілге тыӊ тыныс" атты облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. Шараны облыстық ішкі саясат басқармасы мен "Мәртебелі Қазақстан" қоғамдық қоры ұйымдастырды.

Конференцияныӊ алғашқы сөзі Шайсұлтан Шаяхметов атындағы "Тіл-қазына" ұлттық ғылыми-практикалық орталығыныӊ атқарушы директоры, филология ғылымдарыныӊ кандидаты - Ербол Тілешовке берілді.

Сондай-ақ, облысымызда мемлекеттік тілдіӊ дамуына үлес қосып жүрген Аман Абасилов "Жаӊа әліпби: мәселе, пікір, ұсыныс" тақырыбында баяндама жасады.

Конференция жұмысыныӊ негізгі бөлімі аяқталған соӊ, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға елеулі үлес қосқан азаматтар марапалып, шара Сыр өнерпаздарыныӊ концерттік бағдарламасына ұласты. Сонымен қатар, 4-5 қазан күндері конференцияныӊ тәжірибелік бағыты республикалық, облыстық шаралармен өз жалғасын табатын болады.

Мемлекет басшысы өзініӊ "Болашаққа бағдар: рухани жаӊғыру" атты мақаласында былай деген:

"Қазіргі таӊда жеке адам ғана емес, тұтас халықтыӊ өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана табысқа жетуге мүмкіндік алады.

Бәсекелік қабілет дегеніміз - ұлттыӊ аймақтық немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсына алуы. Бұл материалдық өнім ғана емес, сонымен бірге, білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы еӊбек ресурстары болуы мүмкін.

Болашақта ұлттыӊ табысты болуы оныӊ табиғи байлығымен емес, адамдарыныӊ бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімніӊ алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардыӊ сана-тында.

Сол себепті, "Цифрлы Қазақстан", "Үш тілде білім беру", "Мәдени және конфессияаралық келісім" сияқты бағдарламалар - ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдыӊ талаптарына даярлаудыӊ қамы".

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны