23.08.2017, 15:57 6313

Қызылорда облысында сәбилер өлімі көрсеткіші төмендеді

Осы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысында сәбилер өлімі 53 %-ға төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ақмарал Илназарова мәлімдеді.

Қызылорда. 23 тамыз. Kazakhstan Today - Осы жылдыӊ бірінші жартыжылдығында Қызылорда облысында сәбилер өлімі 53 %-ға төмендеді. Ана өлімі тіркелген жоқ. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасыныӊ басшысы Ақмарал Илназарова мәлімдеді.

Облыстыӊ бас дәрігерініӊ айтуынша, балалардыӊ аурушаӊдығын төмендету, өлім-жітімді болдырмау мақсатында "Тиімді технологиялар тренингтік орталығы" ашылған. Орталыққа жергілікті бюджеттен 7 млн 500 мыӊ теӊге бөлінген. Олардыӊ көмегімен аурушаӊдық деӊгейін ерте анықтауға мүмкіндік бар. Сондай-ақ, кадрларды оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру нәтижесінде неанотолог, травматолог, онколог мамандары сияқты өте қажетті мамандардыӊ тапшылығын азайтты. Кадр әлеуетін арттыруға облыс бюджетінен 60 млн.теӊге бөлінді.

Мамандар мәселесініӊ шешілуі нәтижесінде, емханадағы дәрігерлік аймақтағы халық санын 2200-ден 1800-ге дейін төмендетілді.

"Денсаулық сақтау саласын медициналық ақпараттық жүйемен қамту үшін облыстық бюджеттен 275 млн теӊгеге компьютерлер алынды. Ир дәрігерге бір компьютерден. Электронды ақпараттық жүйелерді енгізу арқылы медицина қызметкерлерініӊ қағазбастылығын жояды. Дәрігердіӊ пациентке көӊіл бөлу уақытын молайтады", - деді Ақмарал Шәріпбайқызы.

Биыл мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді жетілдіру мақсатында №3 емханада амбулаториялық хирургия орталығы ашылды. Сондай-ақ, қант диабетіне шалдыққан науқастар үшін облыстық медициналық орталығында диабетикалық орталық қызмет көрсете бастады. Алдағы уақытта, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеӊбері аясында 4,6 млрд теӊгені құратын 6 нысан іске асырылады. Соныӊ бірі, қыркүйек айында №2 қалалық емхананыӊ орнына 400 келушіге арналған емхана ашылады. Осы жылы Тасбөгет кентінде емхана және Ақжарма, Жөлек, Бекбау, Өркендеу ауылдық елді мекендерінде дәрігерлік амбулатория құрылысы басталады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны