14.05.2008, 16:49 2454

Қызылорда облысында шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді

Қызылорда облысында шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді

Қызылорда. 14 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қызылорда облысында шағын және орта бизнес жобаларын қаржыландыру үшін облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді. Бұл туралы кеше өткен интернет-мәслихаты кезінде Қызылорда облысының кәсіпкерлік және өндіріс басқармасының бастығы Талғат Матаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Облыстың әкімдіктің қаулысымен аумақтағы шағын және орта бизнесті дамыту үшін облыстық бюджеттен 250 млн теңге бөлінді, оның 100 млн ауылшаруашылығы өнімдерін өндірушілерді қолдауға бағытталады", -деп атап өтті Т. Матаев.

Оның сөздері бойынша облыстық бюджеттен несиелендірілетін жобаларды қарастыратын комиссияның құрамы бекітілді.

Т. Матаев хабарлағанындай, статистикалық регистрдің мәліметтері бойынша Арал өңірінде 3807 шағын бизнес кәсіпорны бар, бұл өткен 2007 жылдың мамыр айындағы көрсеткішпен салыстырғанды 16,5% артық.

"Шағын және орта бизнес субъектілері арасында 3,5 мың заңды тұлға болса, оның 2,5 мыңы шаруа қожалықтары, қалғандары жеке кәсіпкерлер", - деді Талғат Матаев.

Облыстық статистика басқармасының деректері бойынша, 2008 жылдың 1 мамырындағы жағдаймен аумақтағы шағын бизнес кәсіпорындарында 18 мың адам жұмыс істейді. Бұл өткен жылдағы көрсеткіштерден 8,7% артық. Тауар шығару, жұмыс пен қызмет көрсету жыл басынан 17 млн теңгеден асты.

Белсенді кәсіпорындардың басым бөлігі сауда-саттық, тұрмыстық заттар мен көліктерді жөндеумен айналысады, өйткені бұл қызмет түрлері ең арзан. Аумақта белсенді кәсіпорындар Қызылорда (77,9%), Қазалы (4,4%) Шиелі (4,1%) аудандарында орналасқан, деп хабарлайды облыстық статистикалық басқармасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны