05.05.2017, 17:49 7835

Қызылорда облысында шекерашыларға жаӊа автокөліктер берілді

Рәсімде басқарма офицерлері және гарнизон жеке құрамы салтанатты шерумен өтті.

Қызылорда. 5 мамыр. Kazakhstan Today - Кеше ҚР ҰҚК Шекара қызметініӊ 25 жылдығы мерекесі аясында Қызылорда облысында 2019 әскери бөлімініӊ шекара бөлімшелеріне жаӊа автокөліктер берілді.

Көлік кілтін табыстау рәсіміне 2019 әскери бөлімініӊ командирі, полковник А. Қаженов пен бөлім командирініӊ бірінші орынбасары-штаб бастығы подполковник А. Қалиасқаров пен гарнизон жеке құрамы қатысты.

- Бес қаруын асынып, еліміздіӊ амандығын, жеріміздіӊ тұтастығын қорғаған шекарашыларға салтанатты түрде автокөлік тапсыру бүгінде дәстүрге айналып келеді.. Отанымыздыӊ әрбір шаршы метрін көзіміздіӊ қарашығындай сақтау бүгінгі ұрпақ, яғни біздер мен сіздердіӊ міндетіміз, - деді шарада бөлім командирі, полковник А.Қаженов

Сонымен қатар шарада "Жастар ресурстық орталығы" КММ-сі "Жастар және жастар ұйымдарымен жұмыс жасау бөлімініӊ" басшысы Ж.Тасабаев шекара шебін қорғаған сарбаздар қызметіне жетістік тіледі.

Рәсімде басқарма офицерлері және гарнизон жеке құрамы салтанатты шерумен өтті.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны