26.03.2017, 13:11 57904

Қызылорда облысында "Шырақ" клиникасында көздіӊ микрохирургиясы бойынша ота жасайтын арнайы кабинет ашылды

Біздер осыған дейін науқастарға диагностика жасап, тексеруден өткізген соӊ хирургиялық ем алуы үшін басқа қалаға жолдайтынбыз, қазіргі таӊда қол жеткізген жаӊа құрал-жабдықтардыӊ көмегімен ота жасайтын арнайы кабинет ашып, шел басқан көздерге микрохирургиялық әдіспен ем жасаймыз. Мемлекеттік қолдаудыӊ арқасында біз бизнесті дамыту бойынша өз жоспарымызды жүзеге асырып, жаӊа жұмыс орындарын аштық. Біздіӊ басты мақсатымыз - тұрғындарға сау көз жанарын сыйлау - дейді Дина Сүлейменова.

Қызылорда. 26 наурыз. Kazakhstan Today - "Шырақ" клиникасы Қызылорда облысына ғана емес, өзге өӊірлерге де жақсы танымал. Аталған орталық көздіӊ көру қабілетін субъективті және объективті зерттеу бойынша офтальмологиялық қызметтіӊ барлық түрін, көз жанарыныӊ рефракциясы, көздіӊ алдыӊғы бөлігіне биомикроскопия және тағы басқа қызметтер көрсететін аймақтағы жалғыз клиника. Жоғары санаттағы дәрігер-офтальмолог Дина Сүлейменова офтальмологиялық орталықтыӊ негізін қалағанына небәрі 7 жыл толса да, қысқа мерзім ішінде ол үлкен нәтижелерге қол жеткізді.

Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қызметке жұмыс жасаған медициналық институт түлегі Дина Сүлейменова кейіннен жеке бизнесін бастап, өзініӊ офтальмологиялық орталығын ашты. Бұл саланы қолға алу барысында жолдасы көмектесіп, толықтай қолдады және бүгінде танымал "Шырақ" клиникасын олар бірге басқарып келеді.

- "Көз қорқақ, қол батыр" деген сөздіӊ жаны бар, жаӊа бизнес бастайтын кезде барлық адамда қорқыныш туындайтыны рас. Еӊ бастысы біз кедергілерден өтіп, клиника жұмысын жолға қойдық. Бүгінде орталығымызда кеӊес беруден бастап көздіӊ кемшілігін түзетуге дейінгі біршама қызмет түрлері көрсетілуде. Біздіӊ басты құндылығымыз жұмыс жасайтын білікті мамандарымыз деп білемін. Орталық қызметкерлері тек жоғары санаттағы сапалы қызмет көрсететін білікті мамандарған құралған. Осыныӊ арқасында біз өз емделушілеріміздіӊ сенімінен шығып, клиникамыз аймақта үнемі үздіктер қатарынан көрінуде,- дейді Дина Сүлейменова.

Өткен жылы кәсіпкерлік қызметін дамыту үшін Дина "Бизнестіӊ жол картасы 2020" бизнесті қолдау мен дамытудыӊ бірыӊғай бағдарламасы аясында 14% үстемемен несие рәсімдеді және пайызды субсидиялау бағдарламасыныӊ көмегімен кәсіпкердіӊ несие ауыртпалығы 2 есеге төмендеді.

- Несие қаражатын клиникада ұсынатын қызмет түрін көбейтуге мүмкіндік берген көздіӊ микрохирургиясына арналған еӊ соӊғы үлгідегі жоғары технологиялық хирургиялық құрылғы сатып алуға жұмсадық. Біздер осыған дейін науқастарға диагностика жасап, тексеруден өткізген соӊ хирургиялық ем алуы үшін басқа қалаға жолдайтынбыз, қазіргі таӊда қол жеткізген жаӊа құрал-жабдықтардыӊ көмегімен ота жасайтын арнайы кабинет ашып, шел басқан көздерге микрохирургиялық әдіспен ем жасаймыз. Мемлекеттік қолдаудыӊ арқасында біз бизнесті дамыту бойынша өз жоспарымызды жүзеге асырып, жаӊа жұмыс орындарын аштық. Біздіӊ басты мақсатымыз - тұрғындарға сау көз жанарын сыйлау - дейді Дина Сүлейменова.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны