28.11.2006, 18:25 2861

Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 28-қараша. Kazakhstan Today. Қызылорда облысы әкімінің жанында сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес құрылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Осындай кеңес құру жөніндегі бастаманы Арал өңіріндегі алты бейресми ұйым көтерген. Кеңеске ақсақалдар мен облысқа танымал қоғам қайраткерлері тартылмақ.

Облыстық прокуратураның мәліметіне сәйкес, 2006-жылдың 10 айында Қызылорда облысында сыбайлас жемқорлыққа қатысты 110 қылмыс тіркелген. Оның 69-ын қаржы полициясы органдары әшкерелесе, 28-ін прокуратура, 9-ын ҰҚКД, 3-ін ішкі істер департаменті, біреуін облыстық кедендік бақылау департаментінің қызметкерлері анықтаған.

Ал былтыр облыс бойынша осындай 106 қылмыстың беті ашылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны